Германияда жаңа жылдан бастап газ 112%-ға қымбаттайды – БАҚ
Сурет: Zakon.kz
2023 жылы Германиядағы тұтынушылар үшін газ ақысы 112%-ға, электр энергиясының ақысы 44%-ға өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай ақпаратты Handelsblatt басылымы Verivox компаниясы ұсынған мәліметке сүйене отырып жариялады.
Жылдық газ тұтынуы 20 000 киловатт-сағат болатын отбасы үшін төлем орташа есеппен 2 756 еуро болады. Бұл 2021 жылғы күзбен салыстырғанда 1 457 еуроға немесе 112%-ға көп.
Жылына шамамен 4000 киловатт-сағат электр энергиясын тұтынатын отбасы 1764 еуро төлеуі тиіс болады.
Қарашаның 26-сы күні Германия канцлері Олаф Шольц немістерге қаңтардан бастап энергияға тарифтерді шектеу енгізілетініне уәде берді, бұл халыққа "жаңа қиындықтарды жеңуге" мүмкіндік береді. Баға шектеуі шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтарына әсер етпек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript