Әскери бөлімнен кетіп қалған екі сарбаз табылды
Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметі
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің орналасқан жері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі олардың ұсталғанын хабарлады.
Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Бұған дейін 2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды гарнизонында мерзімді қызметтегі екі әскери қызметші әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткенін хабарлағанбыз. Оларда қару болмаған.ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Қарағандыда екі сарбаз әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткенін хабарлаған едік.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript