Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнетақы жинағын алу шегін түсіруді талап ететін петиция пайда болды

Жеткіліктілік шегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 11:51 Zakon.kz/Максим Золотухин
Әзірге петицияға 36 мыңға жуық адам қол қойған екен.

Egov платформасында "БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегін түсірсін!" деген тақырыппен жарияланған петиция пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегін ұлғайтатынын хабарлаған:

Егер 20 жаста 1,7 млн теңге жинау керек болса, келесі жылдан бастап ол 3,1 млн теңге болады.

1,8 есеге ұлғайтатқан. Бұл миға сыймайды! 20 жастағы студент бала 1,7 млн теңгені қалай жинайды? Бұрын тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін жинақталған ақшаны алуға мүмкіндік болған еді! Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткіліктілік шегі енді: 21 жаста - 3.2 млн теңге, 22 жаста - 3.3 млн теңге, 30 жаста - 4.4 млн теңге, 40 жаста - 5.8 млн теңге, 50 жаста - 7.4 млн теңге болды! Біз, осы петицияға қол қойған Қазақстан азаматтары БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегін ақылға қонымды шекке дейін төмендетуді талап етеміз! БАҚ пен блогерлерден осы мәселені барынша таратуға көмектесуіңізді сұраймын! делінеді петицияда.

Әзірге петицияға 36 мыңға жуық адам қол қойған екен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: