Жеткіліктілік шегін айқындау кімнің құзіретінде екені белгілі болды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілмегені мен жоспарланбағанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 7 желтоқсанда таратылған баспасөз релизінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу мәселесінде Еңбекминінің құзыретіне қатысты бұрыс тұжырымға жол берілгенін хабарлады.
Осы баспасөз релизін Еңбекминінің ресми сайтында, аккаунттарында және әлеуметтік медиада орналастырған қызметкерге тиісті тәртіптік жазалау шаралары қолданылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбекминінің ресми ұстанымы өзгеріссіз қалады. Министрлік зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуші болып табылады.
2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған, өйткені оның ағымдағы нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді.
Әдістемеге сәйкес жеткіліктілік шегін есептеудің негізгі параметрлерінің бірі күнтізбелік жылдың басындағы ең төменгі жалақы болып табылады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның өзгеруі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеткіліктілік шегі автоматты түрде қайта есептеуге әкелді.