Игіліктегі игі іс. Ауылдықтар асарлатып үй салып берді
Асар –ұғымын қазіргі таңда көпшілігіміз қолданып та біліп те жүрген жоқпыз.
Қазақ атамыз "Көп түкірсе көл", "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", “Бірлік түбі тірлік” деп, елдің бірігуі арқылы кезінде атамыз қазақ мұқтаж жандарға көмек көрсеткен. Елбасы Н.Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен бүгін Өндіріс ауылында 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, "Асарлатып үй салу" жобасы аясында салынған баспананың кілті табыс етілді.
Аталған жоба аясында Сарысу ауданы Өндіріс ауылында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жаңа тұрғын үй көпбалалы отбасы (күміс алқа) – Мақашов Аймырзаның отбасын қуанышқа бөледі.
Салтанатты рәсім барысында ауылда бой көтерген жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстау үшін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіпәлиев Қойшыбай қария құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарына осы шараға атсалысқанына алғысын білдірді.
Барлық сақтық шараларын ұстанған, аталмыш шараға аудан әкімнің орынбасары Е.Имашев, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Тұруға жарамсыз, ескі үйі бұзылып, орнына жаңа 6 бөлмелі тұрғын үйдің қабырғасы көтеріліп, ішкі және сыртқы жұмыстары толық аяқталды.
Осындай игі іс Сарысу ауданы бойынша алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Биылғы жылы еліміздегі карантин шараларына қарамастан, аудан орталығы мен ауыл және ауылдық округтерде құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан білім беру, таза ауыз су, мәдениет, спорт, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым нысандары "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл — ел бесігі" бағдарламаларымен құрылыстарына 2 885 449 теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 9 айында облыста 433 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген және бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 9,5 пайызға артық болды. Жалпы өңірде тұрғын үй кезегінде 32 740 адам тұрған болса, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджет қызметкерлері бар.
Пәтер кезегіндегілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 24,9 миллиард теңге бөлініп, 65 көппәтерлі тұрғын үй салынуда (3766 пәтер), оның ішінде 48 үй (2820 пәтер) "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша. Жыл соңына дейін 55 көпқабатты үйдің (3181 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарланып отырса, оның ішінде 38 үй (2235 пәтер) – "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынуда.