Жаңалықтар тізбегі
0

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 22:21 пресс-служба
Облыс әкімі өзінің орынбасары Ұлан Жазылбекке бұл жағдайды арнайы тексеруді тапсырды.

4 желтоқсан, жұма күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша кезекті рет онлайн қабылдау өткізді.

Тараз қаласының тұрғыны Злиха Ерназарова Сүлейменов көшесіндегі үйіне газ кіргізу мәселесін шешуді сұрады. Оның айтуынша, магистральдық газ құбырын жүргізу кезінде барлық жағдайлар ескерілмеген.

Облыс әкімі өзінің орынбасары Ұлан Жазылбекке бұл жағдайды арнайы тексеруді тапсырды.

Осыдан үш жыл бұрын 14 жасар жасөспірім Бекзат Үмбетәлиевтің өмірін қиған қайғылы оқиғаны тараздықтар әлі күнге дейін ұмыта қойған жоқ. Ол каналға құлаған қызды құтқармақ болып, өзі электр тоғынан түсіп қайтыс болған. Тараз тұрғыны Талант Нұрғожаев әкімнен қайтыс болған жасөспірімнің құрметіне ескерткіш орнатуды сұрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 22:21

Бекзат батылдық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Оның ерлігі ұмытылмайды. Сіздің ұсынысыңызды міндетті түрде қарастыраитын боламыз, - деп жауап берді оған аймақ басшысы.

Облыс орталығының тұрғыны Айда Қасымбекова «Аса» шағын ауданында заңсыз жүріп жатқан сауда нысанының құрылысы туралы айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 22:21

- Мен бұл мәселеден хабардармын. Тұрғындар осы туралы әлеуметтік желілерде көтерді. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа аталған нысанның құрылысының заңдылығын тексеру тапсырылды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы да бұл іске тартылатын болады, - деп жауап берді облыс әкімі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 22:21

"Dombyra" телеарнасының директоры Қанат Ержігітов "Ұлы дала әуендері" жобасы арқылы біздің өңірді көрсеткісі келетінін жеткізді. Жобаның басты мақсаты – сирек кездесетін қазақ музыкалық шығармаларда халыққа кеңінен насихаттау.

Бердібек Сапарбаев қазіргі уақытта коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік талаптарды мүлтіксіз сақтау қажеттігін алға тартты.

Эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін біз міндетті түрде бұл туралы қарастыратын боламыз, - деп мәлімдеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 22:21

Айта кетсек, биылғы оқу жылында облыстың барлық мектептері жылы дәретханалармен жабдықталды. Сонымен қатар, облыстың барлық мектептері бейнебақылау камераларымен жүз пайыз қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 41 мектепте турникеттер орнатылған. Қалған мектептерде турникеттер орнату шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделуде. Келер жылы ондай құрылғыны облыс бойынша 70 мектепте орнату жоспарланған. 2020 жылы 8 ауылдық мектеп пайдалануға беріледі. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде 43 мектеп күрделі жөндеуден, 53 білім беру мекемесі ағымдағы жөндеуден өтті.

Коронавирус пандемиясына байланысты білім беру процесі үш түрлі форматта ұйымдастырылғаны белгілі. Шамамен 40 пайыз немесе 95 мың оқушы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: