Жаңалықтар тізбегі
0

Мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек - облыс әкімі ірі кәсіпорын басшыларымен кездесті

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2020 19:09 gov.kz
Одан кейінгі сөзді "Қазфосфат" ЖШС Бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров алды.

Жаңа жылға дейін екі-ақ апта қалды десек, дәл қазір жұмыс жоспарлары мен нәтижелерін сылыстырып, алшақтықты саралап, алдағы жоспарларды нақтылайтын уақыт.

Осыған орай, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Казфосфат" ЖШС филиалы – минералды тыңайтқыштар зауытының әкімшілік ғимаратында өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстағы ірі кәсіпорындарын басшыларымен кездесті.

Сіздер мен біздің басты міндетіміз – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұл мақсатқа қол жеткізуге мемлекеттік бағдарламалар көмектеседі. Өңірдің көп көрсеткіштері қазір республикалық орташа деңгейден әлдеқайда жоғары дей, кей индикаторлар сонымен деңгейлес. Көлік пен сауда бойынша аздап артта қалушылық бар, бірақ жыл соңына дейін ол да реттеледі деп ойлаймын, - деді аймақ басшысы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2020 19:09

- Өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғы деңгейден 1,6 пайызға жоғары. Экономика дамуының екінші маңызды көрсеткіші – инвестиция тарту көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артық. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыруға бюджеттен 45 миллиард теңге қаралды. 500 мыңнан астам тұрғынға әлеуметтік көмек көрсетілді, - деген облыс әкім жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы тоқталып өтті.

Одан кейінгі сөзді "Қазфосфат" ЖШС Бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров алды.

Ағымдағы жылдың он айында біз өткен жылдың толық көрсеткішіне тең 144 миллиард теңгенің өнімін өндіре алдық. Жыл соңына дейін бұл сан 155 миллиард теңгеге дейін өседі деп ойлаймын. Біз бюджетке барлық төлемдер бойынша 17 миллиард теңгеден астам қаржы түсірдік. Қазір бізде аммофос өндірісін кеңейту жобасы іске асырылуда. Келер жылдың бірінші жартыжылдығында натрий гексаметофосфатын шығаруға кірісеміз. Бұл өнімдер толығымен экспортталатын болады, - деді М.Ескендіров.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2020 19:09

Осы жылдың шілде айында сегіз айлық үзілістен кейін "Тараз қант зауыты" іске қосылды. Бұл туралы "Тараз қант зауыты" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Қайырбеков айтып берді. Ол сегіз айлық кідірістің себебін Ресейдегі қант қызылшасының бұрын-соңды болмаған өнімінің нәтижесінде қант бағасын төмендеуімен түсіндірді.

Ресейлік 75 қант зауыты Қазақстан нарығында сауда жасайды. Олармен бәсекелесу өте қиын, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуына байланысты ондағы кәсіпорындар тиімді бағада ұсынады. Егер мемлекет бізге осы мәселеде көмектессе, біз ай сайын 400 миллион салық және 180 миллион кедендік баж салығын түсіре алар едік, - деп атап өтті Н.Қайырбеков.

"Talas Investment Company" ЖШС Бас директоры Ерлан Нұрханов былтырғыға қарағанда кәсіпорынның ағымдағы жылы өнімді жұмыс істеп жатқанын айтты. Соның арқасында өндірілген өнім көлемін ақшалай түрде бір миллиард теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік туған. Цианид калийі – бұл ерекше өнім десек, компания оны шығаруы мен сатуды сәтті жүзеге асыруда.

Осыған байланысты құрылтайшылар кәсіпорынның екінші кезегінің құрылысын инвестициялау туралы шешім қабылдады, нәтижесінде компанияның қуаты екі есеге артатын болады. Аталған жобаны жүзеге асыру келер жылдың наурыз айына жоспарланған, - деді спикер.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2020 19:09

Тараз металлургиялық зауыты да өндірісті кеңейту үшін қаржы құюға ниетті. "ТМЗ" ЖШС Бас директорының орынбасары Ғабит Сұлтанқұловтың айтуынша, қазір электрод массасын шығару цехын жаңғыртылуда.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев жыл басынан бері палатаға құқық қорғау бойынша 214 өтініш келіп түскенін айтты. Барлық өтініштер бойынша тиісті шаралары қабылданды, қорғалған бизнес-активтер мен мүліктің жалпы сомасы 320 миллион теңгеден асн. Заңгерлер он сот процесіне қатысса, бүгінде олардың жартысында жеңіске жеткен. Стартаптар мен қолданыстағы бизнесті ілгерілету үшін палата кәсіпкерлікті қолдаудың барлық дерлік бағдарламаларын іске асырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2020 19:09

Шын мәнінде Мемлекет кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған көптеген шаралар қабылдауда. Бірақ жақсы жобалар аз. Әсіресе ауылшаруашылық өнімдеріне қатысты. Сұранысқа ие өнімге баса назар аудару керек. Баяндамашы айтып өткен ара, бақша шаруашылығы және басқа да жобалар бойынша жұмыс істеу керек. Мемлекет бізге ұсынып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдаланайық, бірақ бұл ретте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ұмытпайық. Мәселен: ұжымдық шарттар жасасу, аз қамтамасыз етілгендерге көмек көрсету, жалақыны уақытылы төлеу. Желтоқсан айының жалақысын желтоқсанда жіберу керектігін ұмытпаңыздар. Жыл қанша ауыр болғанымен, оны сәтті аяқтайық, - деп түйіндеді Б.Сапарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: