Әлихан Смайылов маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті
Сурет: primeminister.kz
Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүрген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өңір тұрғынының өтінішін жерге тастамай, бір жасар Әлихан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақы дәстүрмен немеремнің тұсауын кесуді жоспарлап жүр едім. Сәті түсіп, Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа баламыздың тұсауын кестіріп, жақсылыққа балап отырмыз", - дейді Әлиханның атасы Қайыржан Ниязов.
Үкімет басшысы бүлдіршінге ақ жол, болашағының жарқын болуын тіледі.
Сурет: primeminister.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript