Смайыловқа өңірлердегі аптап ыстыққа байланысты қабылданып жатқан шаралар баяндалды
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың республикамыздың бірқатар өңірінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі министрдің ауа райына байланысты елдегі азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылғанын жеткізді деп хабарлайды.
"Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министріне облыс әкімдіктерімен бірлесіп штаттан тыс жағдайларға, оның ішінде табиғи өртке және адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық дайындықты қамтамасыз ету үшін қажетті күштер мен техникалық құралдарды жұмылдыруды тапсырды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, Қазақстанда алдағы үш тәулікте 43 градус ыстық пен жаңбыр жауады деп болжанады. Осыған байланысты ҚР ТЖМ азаматтық қорғау органдары ауа райының болжамды жағдайларына байланысты жоғары дайындық режиміне ауыстырылғанын хабарлаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript