Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы жаңадан тағайындалды
Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды. Ол Ерғали Бахаевты Төтенше жағдайлар жүйесінің ерекшеліктерін білетін тәжірибелі және сауатты маман ретінде сипаттады.
Ерғали Бахаев 1973 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Техникалық-құқықтық сараптама» мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін «Ұлттық Ұландағы менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі.
Азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді, қызмет жолын ҚР ТЖМ әскери бөлімі құтқару взводының командирінен бастады. Одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінде қызметін жалғастырды. 2018-2020 жылдары – Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары болған.
Айта кетсек, алдында Шымкент қалалық ТЖД басшысы болып Қуанар Базарбаев тағайындалған болатын.