Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қатарға ресми сапармен барды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен әскери делегация таяу шығыс елдерінің астанасы Дохаға премьер-министрдің орынбасары – Қатардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Халед бен Мұхаммед Әл-Аттыйяның шақыруымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл елдер арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр.
Тараптар өзара мүддені білдіретін әскери ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын талқылады.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Қорғаныс министрі кездесудің маңыздылығын атап өтіп, бұл қорғаныс ведомстволарының екіжақты ынтымақтастығы тарихындағы маңызды кезең болмақ деді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Қатар мемлекетінің үкіметтері арасында әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript