Жаңалықтар тізбегі
0

Charity Samruk Marathon 2024: "Самұрық-Қазына" қызметкерлері ерекше балаларды қолдады

Ерекше балалар, марафон, Samruk-Kazyna Trust, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 11:53 Сурет: Samruk-Kazyna Trust
1 маусым Астанада өткен "Charity Samruk Marathon 2024" марафонында жиналған барлық қаражат, яғни 125 миллион теңге әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қорына аударылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

1200 әуесқой желаяқ бас қосып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланған игілікті істің ұраны – "Күшіміз бірлікте!" болды.

Барлық түскен сома мектептер мен балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу үшін "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қорына аударылады.

Charity Samruk Marathon 2024, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 11:53

Сурет: Samruk-Kazyna Trust

"Біз әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары ретінде инклюзия, денсаулық сақтау, спорт және білім беру сияқты ең өзекті әлеуметтік трендтерді назарда ұстап отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстандағы 250 мыңнан астам қызметкері бар ірі жұмыс беруші ретінде салауатты өмір салтын қолдаймыз. Осы орайда, барша марафон қатысушыларына осындай қадам арқылы ерекше балаларға қамқорлық көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Ересектер 5-10 шақырым қашықтықта жүгірсе, балалар мен жасөспірімдерге 400 және 1000 метрлік қашықтықтар арналды.

Charity Samruk Marathon 2024, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 11:53

Сурет: Samruk-Kazyna Trust

Шараға бір ай бойы дайындалып, алдын ала қатысу жарнасын жіберіп, белсене аталысқан ересектер мен балаларға ұйымдастырушылар тарапы қолайлы жағдай қарастырды.

Марафон қатысушылары мен еріктілері болса, Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында шарадан соң саябақ аумағын қоқыстан тазартты.

Charity Samruk Marathon 2024, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 11:53

Сурет: Samruk-Kazyna Trust

Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қоры арқылы 2024 жылдың бес айында инклюзия, денсаулық сақтау, білім, спорт пен мәдениет салалары бойынша 18 қайырымдылық жоба іске қосылды. Ал өткен жылы 46 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, жарты миллионнан астам азаматқа көмек берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: