Йогуртты қалай дұрыс таңдау керек – мамандар жауап берді
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді Биатан Жанна Қостанай қаласында таралатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында тұтынушыларды тауарлар туралы, сатушылар (өндірушілер) жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қостанай қаласындағы дүкендердің бірінен "Майдың массалық үлесі 1,0 % "персик-маракуйя" жеміс салмасы бар йогурт сатып алды. Сосын бұл өнімді ҚР ДСМ ҚСЭК Қостанай облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ МКҚ филиалының аккредиттелген зертханасына "Тағамдық таңбалау тұрғысынан азық-түлік қауіпсіздігі" 022/2011 және "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 033/2013 Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін анықтау үшін кешенді зерттеуге тапсырды.
"Майдың массалық үлесі 1,0 % "персик-маракуйя" жеміс салмасы бар йогурт өнімін өндіруші "Бабушкина Крынка" "Могилев сүт компаниясы" холдингінің басқарушы компаниясы, Беларусь Республикасы.
Сурет: Жанна Биятан
- мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы;
- сүт қышқылы микроорганизмдері 1*106 КОБ/г кем мөлшерде, ал сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентке сәйкес, стандарт бойынша 1*107 КОБ/г кем болмауы тиіс.
Зертхана мамандарының айтуынша, сүт қышқылы микроорганизмдері колониялары йогурттың пайдалы құрамы болып табылады.
Сурет: Жанна Биятан
Сүт қышқылы микроорганизмдерінің азаюы – ашыту процесінің бұзылуынан, сақтау температурасының шарттарын сақтамаудан болуы мүмкін.
ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ЕСКЕРТУ
"Сатып алу кезінде өндіру мерзімі мен сақтау мерзіміне назар аударыңыз. Йогурт неғұрлым жаңадан дайындалған қалпында болса, соғұрлым денсаулыққа да пайдалы", – дейді микробиологиялық зерттеу бөлімінің мамандары.
"Сондай-ақ сапасының төмен екендігі байқалса, өнімнің жарамдылық мерзімін анықтау қиындық тудырса, тұтыну ыдысы/қаптамасы бүлінсе, қаптамадағы ақпаратты оқу мүмкін болмаса мұндай өнімдерді сатып алу ұсынылмайды. Әдетте, тез бұзылатын өнімдердің температуралық режімі сақталмай сатылады, соған орай азық-түліктерді сақтау температурасы өндірушінің заттаңбада көрсеткен температурасынан ерекшеленіп жатады", – деп атап өтті тұтынушылар құқығын қорғау маманы Жанна Үрметханқызы.
Зерттеу материалдарының нәтижелері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс шеңберінде шара қолдану үшін тиісті органдарға жолданды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшының ұсынымдары:
Тұтынушылар өнімнің таңбалануына назар аударуы керек, онда төмендегідей ақпараттар болуы тиіс:
- тамақ өнімінің атауы;
- тамақ өнімдерінің құрамы;
- тамақ өнімдерінің саны;
- тамақ өнімдерін өндіру күні;
- тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі;
- өндіруші белгілеген немесе тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген тамақ өнімдерін сақтау жағдайлары. Қаптаманы ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін тамақ өнімдері үшін орамды ашқаннан кейінгі сақтау шарттары да көрсетіледі;
- тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері немесе тамақ өнімдерін өндіруші жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері;
- пайдалану бойынша ұсынымдар және (немесе) шектеулер;
- тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
- тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (ГТА) пайдалана отырып алынған компоненттер туралы мәліметтер;
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі.
Ақпарат орыс тілінде және мемлекеттік тілде болуы керек.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш фактіге қатысты сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram.