Дүкен сөрелерінен ең пайдалы сүтті қалай табуға болады - маман кеңесі
Әлеуметтік жобаны іске асыру аясында тұтынушылардың Көкшетау қаласында сатылатын тауарлар, олардың қауіпсіздігі мен сапасы жайын, сондай-ақ сатушылар (дайындаушылар) туралы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өкілі жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып, Көкшетау қаласындағы базарлардың бірінен м.с.ү. (майдың салмақтық үлесі) 3,5-4,%, көлемі 1000 мл-ді құрайтын "Свежие новости" ультрапастерленген қаймағы алынбаған ауыз сүтін сатып алды (өндірушісі – "Бабушкина Крынка" АҚ, Беларусь Республикасы).
Сатып алынған өнім кешенді зерттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ақмола облысы бойынша ҚСЭК "Ұлттық сараптама орталығы" ЩЖҚ РМК филиалының аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасының (Жоғары технологиялық ғылыми-зерттеу зертханасы) гигиена бөлімшесіне тапсырылды (05.07.2024 ж. № РО-24-08762/271 азық-түлік үлгілерін зерттеу хаттамасы, 09.07.2024 ж. № РО-24-08746/67 пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау үшін ауылшаруашылығы өнімдерінің, судың, топырақтың, ауаның үлгілерін зерттеу хаттамасы, азық-түлік өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасы 01.07.2024 ж. № РО-24-08562 /170, 05.07.2024 ж. № RO-24-08746/156/35 азық-түлік үлгілерін зерттеу хаттамасы).
Сурет: Жанна Биятан
Зерттеу нәтижелері бойынша өнімнің қаптамасында мемлекеттік тілде ақпарат жоқ екені анықталды. Бұл орыс тілін білмейтін тұтынушылар өнімнің құрамы, оны сақтау шарттары, жарамдылық мерзімі және пайдалану нұсқаулығы сияқты маңызды ақпаратты ала алмайды дегенді білдіреді. Бұл өнімнің дұрыс пайдаланылмауына жол ашып, нәтижесінде денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
"Мемлекеттік тілде ақпарат бермейтін өндірушілер мен сатушылар мұны өнім сапасы үшін жауапкершіліктен жалтару үшін пайдалануы ықтимал", – дейді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Биятан Жанна.
Саналы түрде ме әлде жеткілікті зерделемеуі себебінен бе, сатушы тұтынушыларды жаңылыстыруға жол бермейтін, өнім туралы қажетті толық, түсінікті әрі сенімді ақпаратпен, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама түрде сипаттайтын және оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа да мәліметтермен көрсетілмеген өнімді айналымға шығару арқылы ҚР "Тауарды таңбалауға қойылатын талаптар" ТР-нің 6-бабын бұзған.
Сурет: Жанна Биятан
Дегенмен, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды деген сөз бар.
Жоғарыда аталған заңбұзушылықтар үшін ҚР заңнамасында төмендегідей айыппұлдар қарастырылған:
● Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 203-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қазақ және орыс тілдерінде жазылған тауардың шығарылған елі туралы, өндіруші, жеткізуші не сатушы жайындағы мәліметтерді немесе тауар (қызмет) туралы сенімді әрі жеткілікті ақпаратты қамтитын құжаттарсыз тауарларды сатуы 45 АЕК (166 140 теңге) 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуына;
● Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-бабы 1-тармағына сәйкес, ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу, оның ішінде техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару – 90 АЕК (332 280 теңге) – 600 АЕК (2 215 200 теңге) аралығындағы мөлшерде айыппұл салынуына апарып соғады;
● тауардың сәйкестік туралы декларациясының жоқтығы расталған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісіне 195 АЕК (719 940 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
КО ТР 021/2011 40-бабының 1-тармағына сәйкес, КО мүше мемлекеттер ТР талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік тауарларының КО кедендік аумағында айналымға шығарылуын болдырмау үшін, сондай-ақ оларды айналымнан шығару үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті.
Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау мақсатында зерттеу материалдары құзыретті органдарға жолданды.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпарат, сондай-ақ, басқа да ақпарат жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас фактілерге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739, Instagram.