Жаңалықтар тізбегі
0

Мамандар Қазақстанда сатылатын Ираннан келген лимонадты тексерді

Лимонадтың сапасы тексеріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 22:53 Сурет: pxhere
2024 жылдың маусым айында тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілі Алматы базарларының бірінен жасырын сатып алушы әдісімен 300 мл газдалған "Lemon Zam Zam" сусынын сатып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газдалған сусындарды халық жаппай тұтынатын болғандықтан, олардың сапасы ұлт денсаулығына тікелей әсер етеді. Қазақстан сияқты экономикасы дамып келе жатқан елде тұтынушылардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше маңызға ие.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары өнім сапасын бақылауда және азаматтарды ықтимал тәуекелдер туралы хабардар етуде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ("МОТҚҚҚ" ҚБ) сияқты қоғамдық бірлестіктердің қызметі өзекті болып қана қоймай, қоғамның әл-ауқаты үшін өмірлік маңызды болып табылады.

Қоғамдық бірлестік тұтынушылардың мүддесі жолында белсенді жұмыс жасап, олардың құқықтарын қорғап, азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығымен хабардар етуде. Ұйым аккредиттелген зертханаларда тұтыну өнімдеріне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін БАҚ арқылы халықтың назарына ұсынады.

Ауғанстанда өндірілген гранат хош иісті "Royal" газдалған сусынының құрамында балаларға зиянды бояғыш болғандықтан Қырғызстанда сатуға тыйым салынғаны, бірақ Қазақстанда бұл өнімді сатуға әлі де рұқсат етілгені туралы хабарды да білеміз. Ал "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі Иранда өндірілген, Таяу Шығыста танымал газдалған сусындарға балама ретінде танымал газдалған "Lemon Zam Zam" сусынының қауіпсіздігін анықтады.

Мамандар лимонадқа сараптама жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 22:53

Сурет: Жанна Биятан

Өнімге кешенді сараптама жүргізу үшін сатып алынған өнім ҚР ДСМ Мемлекеттік сараптама комитетінің Алматы қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМҚ аккредиттелген зертханасына ұсынылып, Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің таңбалануы бойынша" КО ТР 022/2011 сәйкестігіне зерттеулер жүргізілді.

Зерттеу хаттамасы өнімдерде EAО бірыңғай белгісі жоқ екенін көрсетті.

ЕАО – Еуразиялық экономикалық одақтың (Еуразиялық сәйкестік – Eurasian Conformity ) аббревиатурасы. Бұл белгі өнім Техникалық регламентте көрсетілген белгілі бір шарттарға сай болғанда қолданылып, қауіпсіздік пен жақсы сапалы өнім өндірудің жалпы мәселелерін сипаттайды.

Өнімдерді ЕАК белгісімен таңбалау – өнімнің сертификаттаудан немесе сәйкестік туралы декларациядан, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың (бұрынғы Кеден одағы) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын барлық қажетті зертханалық сынақтардан өткенін көрсетеді.

Сондай-ақ, зерттеу хаттамасында өнім туралы барлық ақпарат шет тілінде көрсетілгені анықталды: өнімнің атауы, саны, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, атауы және өндірушінің орналасқан жері, тағамдық құндылығы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген.

"Шет тіліндегі ақпарат Қазақстандағы азық-түлік өнімдеріне кешенді сараптама жүргізуге, ұлттық стандарттар мен талаптарға сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын нақты бағалауға кедергі келтіреді. Мұндай сараптаманың маңызды бөлігі –өнім туралы: оның құрамы, сақтау шарттары, жарамдылық мерзімі және басқа да маңызды мәліметтердің қолжетімділігі мен анықтығы болып табылады", – деп атап өтті тұтынушы құқығын қорғаушы Биятан Жанна.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – толық мәлімет ұсынылмаған болып есептеледі.

"Техникалық регламенттерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік тауарларының экономикалық одақ аумағында айналымға шығарылуына жол бермеу, сондай-ақ оларды айналымнан шығару үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті", – деп қосты Жанна Үрметханқызы.

Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы ҚР "Тұтынушылардың құқықтарынқорғау туралы" заңының 41 бабы, 8 және 14-тармақтарына сүйене отырып", Алматы қаласы бойынша азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың 20-дан астам түріне зерттеулер жүргізді.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш фактіге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739. Instagram.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: