Қытайда өндірілетін маршмеллоу тәттілері балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін
2024 жылдың 10 маусымында Алматы қаласындағы дүкендердің бірінен Маңғыстау тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілі құны 500 теңге тұратын, көлемі 100 грамм, шығарылған елі – Қытай, өндірушісі, импорттаушысы – белгісіз, маршмеллоу пакетін сатып алды.
Табиғат аясына серуенге шыққан достар немесе отбасы мүшелері оттың басында таяқшаларға қыстырып, бірдеңелерді қуырып жатқан суретті көз алдыңызға елестетіп көріңізші…Мұндайда 100-дің 80 пайызында адамдар маршмеллоу қуырып жатқанын елестетеді – бұл әлемде көптеген жүректерді жаулап алған тәтті тіскебасар, ал қиялдағы бұл суреттің ары қарайғы жалғасы: ағзадағы қант мөлшерінің шамадан тыс артып, іші ауаға толып, ауыр тартады...Кино және сүйікті мультфильмдер кейіпкерлерінің арқасында маршмеллоу жайлылық пен жылулықтың символына айналып жатыр...Соның нәтижесінде маршмеллоу деп аталатын барлығының сүйікті тәттісіне айналған өндіріс белсенді түрде артып келеді. Бүгінгі таңда тұтынушыларға кез келген дәм мен түрлі бағадағы маршмеллоу ұсынылуда.
Ынтымақтастық туралы бұрын қол жеткізілген келісімге сәйкес, өнім ҚР ДСМ Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сараптама комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМҚ филиалының гигиена және тамақтану бөлімінің аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасына кешенді зерттеуге ұсынылды.
Сурет: Жанна Биятан
Зерттеу барысында "Тағамдық өнімдердің таңбалануыбойынша қауіпсіздігі" КО ТР 022/2011 техникалық регламентін бұзу фактілері анықталды: өнім туралы барлық ақпарат шет тілінде (ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕ БЕРІЛМЕГЕН): атауы, құрамы, саны, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген тамақ өнімдерінің жекелеген түрлері үшін қарастырылған немесе өндіруші бекіткен тағамдық құндылығы көрсеткіштері; тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (ГМО) қолдану арқылы алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер жоқ, сондай-ақ, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, өндірушіге уәкілеттік берген тұлға мен тамақ өнімдерін импорттаушы ұйым туралы, бірыңғай айналым белгісі (ЕАО) жоқ.
Сурет: Жанна Биятан
Жоғарыда аталған заңбұзушылықтардың барлығы да ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабын бұзу болып табылады.
"Үлкен істер ұсақ-түйектен басталады: маршмеллоу жылулық пен жайлылық сыйлайтын кішігірім қуаныш сияқты көрінгенімен, ҚР қолданыстағы заңнамасын бұзушы ретінде сатушыны нақты жаза күтеді. Өйткені, біз бен осы тәттіні сүйіп жейтін балаларымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін", – дейді тұтынушылар құқығын қорғаушы Биятан Жанна тұтынушылардың назарын контрафактілік өнімдерге қатысты өзекті мәселеге аудара отырып.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРАЛАР:
"Контрафактілік, жалған, контрабандалық тауарларды өндірушілер мен сатушылар мемлекеттің нағыз жауына айналды. Олар әдейі, біле тұрып, контрафактілік өнімдерді елге әкеліп, кейіннен дүкен сөрелеріне, содан кейін түпкілікті тұтынушыға, яғни, сіз бен бізге сатады", – деп жалғастырды Жанна Үрметханқызы.
Тиісті шаралар қабылдау үшін зерттеу материалдары арнайы органдарға жіберілді.
"Оларды алға итермелейтін нәрсе – пайда табу мақсатындағы ниет. Табиғи өнімдерді сапасы белгісіз контрафактілік өнімдермен алмастыру арқылы пайда табу, азаматтардың денсаулығына зиян келтіру. Ал өнімді таңбалауды енгізу арқылы халықты әлгіндей өнімдерді тұтынудан қорғаймыз, контрафактілік өнімдерді заңсыз айналымның көлеңкесінен шығара аламыз", – дейді тұтынушы құқығын қорғаушы.
Жалған өнімді сатумен, контрафактімен және контрабандамен күреске алматылықтар өздері қатыса алады. Тұтынушылар тауардың заңдылығын тексеріп, сатушыдан тек фискалдық, кассалық немесе сату түбіртегін ғана емес, сонымен қатар тауардың сәйкестік сертификатын/декларациясын талап ете алады.
Тұтынушылар өнімнің сәйкестік туралы декларациясының бар-жоғын ЕАЭО-ның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінің ақпараттық ресурсынан, сондай-ақ қазақстандық реестрден біле алады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпарат, сондай-ақ, басқа да ақпарат жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас фактілерге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739, Instagram.