Ақтаудағы дүкендердің бірінде өндірілген күні көрсетілмеген тартылған тауық еті сатылған
Атап айтқанда, Кисловодск қаласы, "Байсад" АҚ шығарған, салмағы 1000 гр. болатын тоңдырылған "Особенный" тауық фаршын және 1 литр зарарсыздандырылған, майдың массалық үлесі 2,5% "Славянские традиции" ауыз сүтін (өндіруші "Минский молочный завод №1" ААҚ) сатып алған.
Сурет: Жанна Биятан
2024 жылдың 15 шілдесінде сатып алынған өнім Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ҚСЭК Ақтау қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына тапсырылды.
Өкіл өнімді әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде тұтынушылардың Ақтау қаласы аумағында таралатын тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасына, сондай-ақ сатушылар (дайындаушылар) туралы ақпарат алуға құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сатып алды.
Зерттеу нәтижелері бойынша, сүт барлық тексерулерден сәтті өтіп бізді қуантты, ал тартылған еттен төмендегідей бұзушылықтар анықталды:
1) Бұл өнімнің сатып алу күніне өндіру күні көрсетілмеген. 6 айдың жарамдылық мерзімі ғана көрсетіліп, бұл кезең қашан басталып, қашан аяқталатынын анықтау мүмкін емес.
2) мемлекеттік тілде ақпарат жоқ.
Сурет: Жанна Биятан
ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, өнімдердің жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе мерзімі өткен болса, ол қауіпті болып саналады.
ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ адам денсаулығына зардабын тигізбеген гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзғаны үшін – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, субъектілерге 30 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Сурет: Жанна Биятан
Денсаулықты сақтау – сіздің қолыңызда!
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқыққорғаушы Биятан Жанна тұтынушылардың қаптамасына көрсетілген таңбалауды мұқият зерделеуді, сондай-ақ:
- егер өнімде сапасыздық белгілері болса;
- өнімнің жарамдылық мерзімін анықтау мүмкін болмаса;
- тұтынушылық ыдысы/қаптамасы бүлінсе;
- қаптамадағы ақпарат оқылмаса;
- егер тез бұзылатын өнімдер температуралық режімді сақтамаса;
- өнімдерді сақтау температурасы өндіруші затбелгідесінде көрсеткен температурадан ерекшеленсе, – онда мұндай өнімдерді сатып алмауды ұсынады.
"Тұтынушылар тауарлардың заңдылығын тексеріп, сатушыдан фискалдық, кассалық немесе тауарлық чекті де, тауардың сәйкестігі туралы сертификатты/декларацияны да талап етуі керек. Бұл тұтынушылардың заңды құқығы", – дейді құқық қорғаушы.
Фискалдық чекті төлем чегінен қалай ажыратуға болады?
Фискалдық чектің басты белгілерінің бірі – тұтынушы чектің түпнұсқалығын сканерлеп, тексере алатын КБМ (кассалық бақылау машинасы) чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-код. Фискалдық чек қағаз түрінде де, электронды түрде де болуы мүмкін және сатып алушының поштасына немесе ұялы телефонына QR-код түрінде жіберілуі мүмкін – екенін алға тартты Жанна Үрметханқызы.
Сондай-ақ әрбір тұтынушы Еуразиялық экономикалық комиссияның "берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімі" сайтына мына сілтеме бойынша, сондай-ақ сәйкестікті бағалау бойынша құжаттар тізілімдерінің қазақстандық сайтына кіріп, сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғын, құжаттардың дұрыстығын тексере алады.
Бұл материал тиісті шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.
Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ Қазақстанның әр облысында азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдердің 20-дан астам түрін зерттеді. Келесі хабарымызды жіберімізді алмаңыз!
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпарат, сондай-ақ, басқа да ақпарат жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас фактілерге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739, Instagram.