Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында сатушы техникалық реттеу заңнамасының талаптарын бұзған

Маңғыстау облысында сатушы техникалық реттеу заңнамасының талаптарын бұзған, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 15:35 Сурет: Zakon.kz
Аджика – кәуап не шұжық болсын, кез келген ет тағамдарының дәмін келтіретін керемет дәмдеуіш. Аджика Қазақстанда барынша танымал болғанымен, оны әркім өз бетінше жасай алмайды, сол үшін де бұл өнім дүкендерде сатылады.

Қауіпсіз соусты қалай таңдауға болады: "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау" қоғамдық қоры сарапшыларының кеңестері

Тұтынушылар нарығы сыртқы қаптамасы жылтырап, көз тартатын, түрлі уәдені үйіп-төгетін тауарларға толып тұр, бірақ әркез олардың қауіпсіздігіне сенім бола бермейді. Басың айналатын тауарлар арасынан тұтынушылардың жаңылыспауы үшін "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі сарапшылары Түркістанға соғып, базарларының бірінен белорустық "Аджика острая" кетчубіне қатысты ұсыныстарын бөлісті.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі халық тұтынатын тауарларға зерттеулер жүргізіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыра отырып, зерттеу нәтижелеріне қатысты маңызды ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратып келеді. 2024 жылдың маусым айында Түркістан қаласындағы базардан "АВС фирмасы" ҚЖҚ шығарған, салмағы 160 г. "Аджика острая" кетчубін сатып алды.

аджика, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 15:35

Сурет: Жанна Биятан

Сатушы тауардың сәйкестік туралы сертификатын (декларациясын) ұсынбаған. Тауар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (ҚР ДСМ СЭБК) ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011, "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне тексеру үшін жолданды. 24.06.2024 жылғы №2024-529/103 зерттеу хаттамасы төмендегідей сәйкессіздіктерді анықтады:

  • Қолдануға қатысты ұсыныстар мен шектеулердің болмауы: Бұл тұтынушының өнімнің ерекшеліктерін білмей, оны басқа мақсаттарда пайдалануына жол ашуы мүмкін. Мысалы, мүмкін болатын аллергиялық реакциялар немесе оған қатысты қарсы көрсеткіштер туралы ақпараттың жоқтығы денсаулыққа кері әсерін соқтырары хақ.
  • Мемлекеттік тілде таңбалау жоқ: Бұл тек мемлекеттік тілде сөйлеп, орыс тілін түсінбейтін тұтынушылардың ақпаратқа қолжеткізуін қиындатады. Қазақ тіліндегі ақпараттың болмауы өнімді түсінуді қиындатады, бұл әсіресе денсаулығы ерекше медициналық күтімді керек ететін адамдар үшін өте маңызды.

аджика, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 15:35

Сурет: Жанна Биятан

Техникалық реттеу саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін зерттеу материалдары тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

Құқықтық аспектілер мен ықтимал салдарлар

Белгіленген стандарттарды сақтамау елеулі зардаптарға соқтыруы мүмкін. Өнімдер талаптарға сай болмаса, сатушылар тексеріліп, мысалы, өнімді нарықтан алып тастау немесе айыппұлдар салу сияқты санкцияларды арқалайды.

КО "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" ТР 5-бабының 4-тармағына сәйкес, осы техникалық регламенттердің немесе оларға қолданылатын Кеден одағының өзге де техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмейтін тамақ өнімдері, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдерін қоса алғанда, шаруашылық қызметке қатысушы (азық-түлік тауарларының меншік иесі) өз бетінше немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының бұйрығымен өнімдер айналыстан алынып тастауға жатады.

Тұтынушыларға қамқорлық: адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Биятанның қауіпсіз өнімдерді таңдауға қатысты ұсынымдары

"Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі өндірушілер мен сатушылардың өнімге қатысты қойылатын талаптарды қаншалықты мұқият орындайтынына тікелей байланысты екенін тұтынуышылар есте ұстағаны маңызды.

Біз міндетті мынадай ұсынымдарды ұсынамыз:

  • Қаптамадағы ақпаратты тексеріңіз: Жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттарына және пайдалану бойынша ұсыныстарға назар аударыңыз. Бұл жағымсыз салдарлардың алдын алуға және сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге көмектеседі.
  • Қолжетімді тілдердегі ақпаратты іздеңіз: Қаптамада сіз түсінетін тілдегі ақпарат болуы керек. Бұл өнімді дұрыс пайдалануда сізді шатастырмау үшін маңызды. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасап, өнімнің қаптамасындағы ақпаратты тексеріңіз, мәселе әр ақпаратқа егжей-тегжейлі мән беруде екендігін есте сақтаңыз.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш фактіге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739. Instagram.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: