Жаңалықтар тізбегі
0

Үтірді дұрыс қою сияқты, таңбалауды да дұрыс толтыру керек

Үтірді дұрыс қою сияқты, таңбалауды да дұрыс толтыру керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 17:33 Сурет: pixabay
Қазіргі заманда тұтынушылар, әсіресе азық-түлік өнімдеріне қатысты ақпараты анық және қауіпсіз өнімдерді сатып алуға ұмтылады. Күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын осындай өнімдердің бірі – сұйық кілегей.

"Тұтынушылар дұрыс таңдау жасау үшін мұндай өнімдердегі таңбалау анық, оқуға оңай және қолжетімді болуы өте маңызды", – деп атап өтті тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Биятан Жанна.

Азық-түлік қаптамасындағы таңбалау "Өлім жазасын кешіруге болмайды" деген орыс тіліндегі ("Казнить нельзя помиловать") белгілі сөз тіркесінде кездесетін үтір сияқты маңызды рөл атқарады. Адамның тағдыры – тыныс белгісінің дұрыс қойылуына байланысты болғаны сияқты, тұтынушының қауіпсіздігі мен хабардарлығы таңбалаудың дұрыстығына байланысты.

Еуразия экономикалық одағы мүше мемлекеттер нарығында, атап айтқанда Қазақстанда, екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде таңбалаудың дәл және түсінікті стандарттарын сақтау қажеттілігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысында таралатын тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасы, сондай-ақ сатушылары (өндірушілері) жайында ақпараттарды алуда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында жасырын сатып алушы әдісімен "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" өкілі ШҚО дүкендерінің бірінен стерильденген сұйық кілегейін, майдың массалық үлесі 33%, көлемі 500 г., (өндіруші – "Молочный Мир" ААҚ, Беларусь Республикасы) сатып алды.


кілегей, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 17:33

Сурет: Жанна Биятан

Сатып алынған өнім ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасының бактериологиялық зертханасы мен тағам гигиенасы бөліміне кешенді зерттеу жүргізу үшін ұсынылды.

"Тағамдық өнімдердің таңбалануы бойынша қауіпсіздігі" (https://adilet.zan.kz/rus/docs/H11T0000881) КО ТР 022/2011 техникалық регламентіне сәйкестігіне зерттеу жүргізу кезінде келесідегідей бұзушылықтар анықталды:

1. Тамақ өнімдерінің қазақ тіліндегі атауы қате көрсетілген;

2. Қазақ тіліндегі сақтау шарттары орыс тіліндегі сақтау шарттарына сәйкес келмейді;

3. Өндірушінің қазақ тіліндегі атауы мен орналасқан жері толық көрсетілмеген;

4. Қазақ тіліндегі мәліметтер толық көрсетілмеген. 

"Азық-түлік өнімінің қаптамасындағы, әсіресе қазақ тіліндегі ақпараттың жеткіліксіздігі немесе дұрыс болмауы Қазақстандағы тұтынушылардың құқықтарын өрескел бұзу болып табылады", - деді тұтынушылар құқықтарын қорғаушы заңгер Жанна Биятан.

Бұл бұзушылықтар (сәйкессіздіктер мен қателер) тұтынушылардың толық және сенімді ақпарат алу құқықтарын айтарлықтай бұзады. Қазақ тілі ресми тіл болып табылатын Қазақстанда тұтынушылардың тауар туралы ақпаратты өз ана тілінде алуға заңды құқығы бар. Қате немесе толық емес деректер түсінбеушіліктерге немесе өнімді дұрыс пайдаланбауға әкелуі мүмкін. Мысалы, әртүрлі тілдердегі сақтау шарттарындағы сәйкессіздік өнімнің дұрыс сақталмауын тудырып, тұтынушы өнімді кездейсоқ бұзып алуы мүмкін, бұл ақшасын желге шашқанымен қоса, денсаулығына да нұқсан келтіруі мүмкін.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, орыс тіліндегі сөз тіркесінің мағынасын өзгертетін өз орнына қойылмаған үтір сияқты таңбалаудағы қателіктер де тұтынушыларды жаңылыстырып, тұтынушы шешімдеріне әсер етері хақ. Сондықтан дұрыс таңбалау – бұл жай ғана формальдылық емес, тұтынушыларға олардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету міндеттемесі.

Кәсіпкерлер үшін салдары

Мұндай өнімдерді сатумен айналысатын кәсіпкерлер үшін анықталған бұзушылықтар оның абыройына ғана емес, қаржылық және құқықтық салдарға да алып келеді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, азық-түлік өнімдерін таңбалау талаптарын сақтамағаны үшін айыппұлдар мен басқа да санкциялар қарастырылған. Стандарттарды бұзу өнімдерді айналымнан алып тастауға және айыппұл салуға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, тұтынушылардың сенімін жоғалту бизнеске елеулі зиян келтіруі және оның нарықтағы тұрақтылығына әсер етуі ғажап емес.

Осылайша, азық-түлік өнімдерін дұрыс және толық таңбалау тек ресми талап емес, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады. Кәсіпорындар жағымсыз салдарға жол бермеу және тұтынушыларына деген сенімді сақтау үшін таңбалау стандарттарын қатаң сақтауы керек.

Зерттеу материалдары және олардың нәтижелері Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш фактіге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739. Instagram.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: