Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы сүт өндірушілер бағаны арзандату үшін қандай амалдарға баратынын айтты
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қазақстандық базарлар мен дүкендер сөрелеріне жеткізілетін сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударуды ұсынады.
Жанна Биятанның айтуынша, кейбір сүт өнімдерін өндірушілер біздің талғампаз тұтынушыларымызды алдап, жалған ақпарат беретін өте ұсақ-түйек әдісті қолданады.
Сурет: Жанна Биятан
Мысалы, жақында Қарағанды облысындағы "Ұлттық сараптама орталығы" зертханасында жүргізілген зерттеу барысында майдың 3,2% массалық үлесі бар, ультрапастерленген, асептикалық толтырылған, сүт майын алмастырғыш сүт негізіндегі сусын, "Молочный луг" өніміне қатысты ресейлік өндіруші шынайы ақпаратты жасырғанын көрсетті. Нәтижесінде сұйықтықтың майлылығы небәрі 2,5 пайызды құрады. Ал өндіруші қаптамада тек сенімді де шынайы ақпаратты көрсетуі керек-тін.
Сурет: Жанна Биятан
Қазіргі уақытта қаптамадағы таңбаға сәйкес, сақтау уақыты ұсынылады. Орташа алғанда ол 5 күннен аспайды.
"Тұтынушыларға қаптамада көрсетілген ақпаратқа назар аударуға кеңес береміз. Әдетте, ашылғаннан кейін 25 градустан аспайтын температурада, ашық қаптамадағы пастерленген сүтті ашқаннан кейін 10 сағат ішінде ішу ұсынылады. Содан кейін оның құрамындағы сүт бактериялары мен лактозаның арқасында қышқылдау және ашыту процесі басталады. Оны сақтаудың ең қауіпсіз орны – тоңазытқыш немесе салқын, қараңғы жер. Сүтті егер қайнатып алсаңыз, онда 3 күнге дейін сақтауға болады", – деп түсіндірді Ж Биятан.
Майдың массалық үлесі бойынша сүт те бірнеше түрге бөлінеді: 3,2%, 2,5%, ал майсыз сүт әдетте 1,5% болып келеді. Дегенмен, майлылығы 3,2% кем емес сиыр сүтін тұтыну ұсынылады.
Сүттің де: тұтастай, нормаланған, майсыздандырылған және қалпына келтірілген (құрғақ) сияқты түрлері көп. Бірақ өңдеу дәрежесіне қарай пастерленген, стерильденген, ультрапастерленген және пісірілген болып бөлінеді.
Құрамында табиғи және табиғи емес сүт өнімдерінің түрлері, сүт пен сүт өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестері, функционалдық құрамдас бөліктері және тағы да басқалар туралы Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінен оқуға болатынын (ТР КО033/ 2013)
Сонымен қатар, сүттің: майбұршақ, кокос, бадам, күріш, сұлы, қарақұмық және пісте сияқты өсімдіктектес түрлері де белгілі.
Сүтте көптеген дәрумендер мен микроэлементтер: кальций, магний, калий, фосфор, темір, мырыш, мыс, йод, фтор, селен, молибден, кобальт, хром, хлор, күкірт және тұздар, сондай-ақ амин қышқылдары мен Д дәрумені бар.
Маман кеңесі:
- Сатуға арналған сүт өнімдері барлық сақтау мерзімі ішінде сүттің және оның компоненттерінің тұтынушылық қасиеттерінің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаптамаға салынуы тиіс екенін ескеріңіз.
- Сүт өнімдеріндегі улы элементтердің, потенциалды қауіпті заттардың, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, микроорганизмдердің, тотығу бұзылу көрсеткіштерінің мәндері Кеден одағының "Тамақөнімдерінің қауіпсіздігі туралы" КО ТР 021/2011 құжатына №1-4 қосымшаларында,"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" КО ТР 033/2013 құжатына №4 қосымшасында белгіленген деңгейден аспауы тиіс.
- Сүтті таңдағанда ең алдымен, затбелгісін оқып шығу керек, онда сатып алушыға қандай сүт ұсынылатыны, тұтастай, табиғи немесе пальма майы сияқты өсімдік майлары қосылған сүті бар өнім көрсетілуі тиіс.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.