Жаңалықтар тізбегі
0

Қонаевтаға дүкен сөрелерінде таңбаланбаған нектар сатылады

Қонаевтаға дүкен сөрелерінде таңбаланбаған нектар сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 15:25 Сурет: pxhere
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғам өкілі 2024 жылдың маусымында Қонаев қаласындағы базарлардың бірінен жасырын сатып алушы әдісімен Нектар Манго "Castiano", 350 мл көлеміндегі сусынын сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, өнімде дайындалу күні, жарамдылық мерзімі, топтама нөмірі, сақтау шарттарына қатысты мәліметтер көрсетілмеген.

Тауарды кешенді зерттеу үшін алынған тауар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша "Сараптама ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына ынтымақтастық туралы алдын ала қол жеткізілген келісімге орай тапсырылды (тағамдық өнімдер үлгілерін зерттеу хаттамасы 10.07.2024 жылғы №1240001022886347).

Өнімнің зерттеу хаттамасының мәліметтеріне сәйкес, ЕАО бірыңғай айналым белгісі, оған қоса мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттар жоқ (бүкіл ақпарат шет тілінде көрсетілген).

ҚР "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағы негізінде, бір тілде болмаса шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып саналады!

Қонаевтаға дүкен сөрелерінде таңбаланбаған нектар сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 15:25

Сурет: Жанна Биятан

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Биятан Жаннаның пікірінше, шет тілінде берілетін тауардың таңбалауындағы ақпарат жергілікті нарықтың мәдени және тұтынушылық ерекшеліктерін ескермеуі, жергілікті реттеуші нормаларды бұзып ("Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" КО ТР 022/2011), зерттеудің нақтылығы мен өзектілігіне ықпал етуі мүмкін.

"Бұл жағдайда өнімге жан-жақты зерттеу жүргізуге мемлекеттік және орыс тіліндегі тауар туралы мәліметтердің болмауы қиындық туғызған, демек, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты ештеңе айтуға келмейді. Өнім туралы шет тілінде ақпарат беру – біздің елдің тұтынушыларының ақпаратты алуына қатысты құқығын бұзады!. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан

Сондай-ақ, КО ТР 021/2011 40-бабы 1-тармағына сай, КО мүше мемлекеттері ТР талаптарына сай келмейтін КО тағамдық өнімнің кедендік аумағында айналымға шығаруға жол бермеу жөнінде барлық шараларды қолдануға, сондай-ақ айналымнан алуға міндетті екенін сарапшы атап өтті.

Қырғызстанда құрамындағы балаларға арналған бояғыштың зияндығынан сатуға тыйым салынған, Ауғанстанда өндірілген анар дәмі бар "Royal" газды сусыны жайында жаңалықтар шеңберінде (Қазақстанда бұл өнім әлі күнге өткізіліп келеді) айтылғанын алға тартқан сарапшы қауіпсіздік мақсатында бұл тауарды сатып алмауды ұсынады!

Зерттеулердің нәтижелері ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген әкімшілік шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолданатын болады. "МОТҚҚҚ" ҚБ Қонаев қаласында сатылатын азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдердің 20-дан аса түрін зерттеді. Ұйым жариялаған тауарлар сапасының зерттеу нәтижелері жарнама болып табылмайды.

"МОТҚҚҚ" ҚБ ҚР "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" заңның 41-бабы, 8-және 14-тармақтарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың мәселелері мен құқықтары жөнінде зерттеуге және таратуға, сондай-ақ тауарлар сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізетін басқа да ақпараттарды таратуға құқығы бар.

Тұтынушы, өз құқығыңды біл!

ҚР "Тұтынушылар құқықтарынқорғау туралы" заңына сәйкес:

  1. Тұтынушы дәлелдеме ретінде тауардың және дүкеннің фото-бейнетүсірілімін пайдалануға құқығы бар;
  2. Тұтынушыға кассалық, фискалдық немесе тауарлық чекті бермеген кәсіпкер тұтынушылардың құқықтарын бұзады;
  3. Тұтынушылар сатып алғанын растайтын және тауарға, оның бағасына, сатушыға қатысты ақпараты бар құжатты алуға құқығы бар.
  4. Мұндай құжаттың болмауы тұтынушыны тауардың жетіспеушілігін анықтау жағдайында шағымдану, қаражатты қайтарып алу немесе тауарды айырбау мүмкіндігінен айырады.

Әркім өзінің заңдық құқығын пайдаланып, тауарлардың заңдылығын тексере отырып, тек фискалдық, кассалық немесе тауарлық чекті, сонымен қатар өнімнің сәйкестігі туралы сертификат/декларацияны талап ете отырып, контрафактінің таралуын тоқтата аламыз.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: