Жаңалықтар тізбегі
0

Сараптама Алматы облысында сатылатын ірімшік қаптамасынан дәлсіздіктерді тапты

Сараптама нәтижесінде Алматы облысында сатылатын ірімшік қаптамасынан бұзушылықтар анықталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 14:06 Сурет: pxhere
2024 жылдың маусымында Қонаев қаласы базарларының бірінен құпия сатып алушы әдісімен тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамның өкілі таза салмағы 1,820 кг болатын қаймақты ірімшігін сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі КО ТР 022/20113-бабына сәйкес, тамақ өнімдері, егер олардың таңбалануы осы техникалық регламенттерге, сондай-ақ оларға қатысты қолданылатын Кеден одағының өзге де техникалық регламенттеріне сәйкес келсе, нарыққа айналымға шығарылатындығын еске салды.

Жасалған ынтымақтастық шарты бойынша, алынған өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына ұсынылды (10.07.2024 жылғы №1240001022886168 тағам сынамаларын зерттеу хаттамасы).

Сараптама нәтижесінде Алматы облысында сатылатын ірімшік қаптамасынан бұзушылықтар анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 14:06

Сурет: Жанна Биятан

Хаттамаға сәйкес, ұсынылған өнім органолептикалық көрсеткіштері бойынша "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" КО ТР 033/2013 және МемСТ-ке сәйкес келеді. Дегенмен, Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" КО ТР 022/2011техникалық регламентін бұзу фактілері де кездеседі.

Осылайша, өнімдерде тауардың серия нөмірі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және өнімнің сақтау шарттары туралы ақпаратпен қатар (КО ТР 022/2011 көзделген басқа ақпараттар бар), мемлекеттік тілдегі ақпарат жоқ.

Таңбалануға қойылатын талаптарды бұзу өнім туралы дұрыс ақпарат алуға кері әсерін тигізеді.

Оның үстіне, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы"заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде болмаса шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып саналады және КО ТР 021/2011 40-бабы 1-тармағына сәйкес, КО-на мүше мемлекеттер КО кедендік аумағында ТР талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік тауарларын айналымға шығаруға жол бермеу жөніндегі барлық шараларды, сондай-ақ оларды айналымнан алу үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті.

Зерттеу материалдары мен нәтижелері Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген әкімшілік шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолданатын болады.

Тұтынушылар өнімнің сәйкестік туралы декларациясының бар-жоғын өз бетімен қарау үшін ЕАЭО-ның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінің ақпараттық ресурсы, сондай-ақ қазақстандық сайты қолжетімді.

Тұтынушы бақылау чегінде көрсетілген өлшемдерді мына сілтеме арқылы тексере алады.

Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) тұтынушылардың тауарлар мен дүкендерді фотосуреттер мен бейнежазбаларға дәлелдеме ретінде пайдалануына қатысты құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

"МОТҚҚҚ" ҚБ Қонаев қаласындағы тұтынушыларға сатылатын халық тұтынатын тауарлардың 20-дан астам түрін зерттеді! Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жариялаған тауарлардың сапасына қатысты зерттеу нәтижелері жарнама болып табылмайды.

"Тағам өнімдерін сатып алу кезінде қаптамадағы таңбалауды мұқият оқыңыз. Бүкіл ақпарат, мемлекеттік тілді қоса алғанда, сізге түсінікті тілде берілгеніне көз жеткізіңіз. Өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өнім құрамы, өндіруші және оның орналасқан жері сияқты міндетті ақпараттардың болуын тексеріңіз. Бұл деректердің болмауы немесе оның тек шет тілінде ғана берілуі өнімнің қауіпсіздігі мен сапа талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетуі мүмкін".Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан

Сондай-ақ, сарапшы өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ стандарттарына сәйкестігін растайтын EAC белгісінің болуына ерекше назар аударыңыз. Бұл таңбаның болмауы өнімнің жеткіліксіз сыналғанын немесе оның заңсыз шыққанын көрсетуі мүмкін екендігін атап өтті.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: