Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан базарларының бірінде құрамында ішек таяқшалыры бар Mozzarella сатылады

Түркістан базарларының бірінде құрамаында ішек таяқшалыры бар Mozzarella сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 15:50 Сурет: pxhere
"Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алу әдісімен Түркістан базарларының бірінен "Mozzarella Premium" ірімшік технологиясы бойынша өндірілген сүтті май алмастырғышы бар өнімді сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, "CHEESE-WORLD" Ұйым стандарты 00426621-002-2021 сауда маркалы, "Mozzarella Premium" ірімшік технологиясы бойынша өндірілген сүтті май алмастырғышы бар өнім сатылады. Құрамындағы майдың массасы – 48% (оның ішінде өсімдік майы – 24%), өндіруші – "Аньковское" ААҚ, Ресей.

Түркістан базарларының бірінде құрамаында ішек таяқшалыры бар Mozzarella сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 15:50

Сурет: Жанна Биятан

"Көпшіліктің сүйікті тағамына айналған итальяндық моцарелла ірімшігінің айналасында жанжалдар жиі туындап жатады: "жарамсыз ірімшікті" қайта өңдейтін ірімшік зауыттарының желісі ашылып, содан кейін ғана "жаңа" моцарелла пайда болды десе, енді біреулер: "Моцарелла жасау үшін қымбат енеке сүтін жеткізушілер оны кәдімгі сиыр сүтімен сұйылтады", "Германиядан келген көк моцарелла Италияның сөрелеріне түсті" дегендей алыпқашпа әңгімелер өте көп. Шағын және орта кәсіпорындар былай тұрсын, әңгіме осы ірімшікті өндіретін әлемдегі ең ірі компания туралы болмақ". Жанна Биятан

Сатып алынған өнім кешенді зерттеуден өту үшін бактериология-паразитологиялық зерттеулердің аккредиттелген зертханасына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының Түркістан қалалық санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханасына тапсырылды.

Түркістан базарларының бірінде құрамаында ішек таяқшалыры бар Mozzarella сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 15:50

Сурет: Жанна Биятан

Зерттеу деректері микробиологиялық зерттеулер мен тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамаларымен расталды.

Микробиологиялық зерттеулер өнімде ішек таяқшалары бактерияларының (БГКП) болуын көрсетті, бұл денсаулыққа қауіпті және МемСТ 32901-2014 бұзылуы болып табылады.

Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенті – нормативтік құжаттамасына сәйкестігіне жүргізілген зерттеулер де бұзушылықты анықтады:

  • Тауар партиясының нөмірі көрсетілмеген;
  • Өнімді сақтау шарттары жоқ;
  • Барлық ақпарат тек орыс тілінде көрсетілген, ал Регламенттің 4-бабы 2-тармағына сәйкес, оралған тамақ өнімдерін таңбалау орыс тілінде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жазылуы тиіс.
"Өнімді кешенді зерттеу нәтижелері бойынша, Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының Түркістан облысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік жобаны орындаушысымен шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға хат жолданды", – дейді Ж.Биятан

Техникалық регламентке сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) одақ аумағында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін айналымнан алып тастауға, пайдалануға тыйым салу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.

Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы Түркістан облысында сатылатын азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдердің 20-дан астам түрін зерттеді.

Біздің ақпараттарымызды жіберіп алмаңыз. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін тауарлар, дайындаушылар мен сатушыларға қатысты қабылданған іс-әрекеттер туралы, сондай-ақ анықталған бұзушылықтары бар өнімдер жайында хабардар болыңыз.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өз тұтынушыларының құқықтарын жақсы түсініп, қорғауы үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді: ұйым аккредиттелген зертханаларда халық тұтынатын тауарларға кешенді зерттеулер жасап, олардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратады, пайдалы ақпарат береді және құқықтарын қорғау мәселелерінде азаматтарға қолдау көрсетеді.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: