Жаңалықтар тізбегі
0

Тұтынушыларды қорғау қоғамының сарапшылары кейбір өнімдерге сараптама жүргізу неге қиын екенін түсіндірді

Тұтынушыларды қорғау қоғамының сарапшылары кейбір өнімдерге сараптама жүргізу неге қиын екенін түсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 11:40 Сурет:pxhere
Алдамшы таңбалаудың денсаулыққа тигізетін зардабы. Бұл туралы "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ескертті. Сарапшы Алматыдағы базарлардың бірінен заң талаптарына сай келмейтін печеньелер сатып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш өнімнің қаптамасында барлық ақпарат біздің елдің заң талаптарын бұзатын тек шет тілінде көрсетілген.

Осы жылдың маусым айында сатылып алынған печенье (сатушы өнімге сәйкестік сертификатын (декларациясын) ұсынбаған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ ҚСЭК) Алматы қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына сынақтан өткізуге ұсынылды.

Тұтынушыларды қорғау қоғамының сарапшылары кейбір өнімдерге сараптама жүргізу неге қиын екенін түсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 11:40

Сурет: Жанна Биятан

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы 27-бабының 3-тармағына сәйкес, сәйкестігі міндетті расталуға жататын тауарларды, оның ішінде импортталған тауарларды тиісті сәйкестік сертификаттарынсыз немесе декларациясыз өткізуге жол берілмейді.

Зертханалық тексеру нәтижелері бойынша, келесідегідей бұзушылықтар анықталды: тамақ өнімдерінің шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, партия нөмірі, ЕАО бірыңғай айналым белгісі жоқ, таңбалаудағы барлық мәліметтер тек шет тілінде көрсетілген (2024 жылдың 10 шілдесіндегі № 1240001022885923 тамақ өнімдерінің үлгілеріне сараптама жүргізу хаттамасы).

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мамандары түсіндіргендей, қазақ және орыс тілдерінде, атап айтқанда, өнімнің құрамы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және серия нөмірі туралы ақпараттың жоқтығы өнімді сәйкестендіруді айтарлықтай қиындатады және оның сапасы мен қауіпсіздігін жан-жақты объективті тексеруге мүмкіндік бермейді.

Техникалық регламенттерді бұзу

Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламентінің 4.1-бабы 2-тармағына сәйкес, оралған тамақ өнімдерін таңбалау Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілі мен орыс тілінде болуы тиіс. Бұл талап өнімнің техникалық реттеу объектісі ретінде сәйкестендірілуін және жіктелуін қамтамасыз ету үшін маңызды. Бұл ережені бұзу жоғары сапалы сараптама жүргізуге кедергі келтіруімен қатар, тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді, өйткені өнімнің белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін анықтау мүмкін емес.

Тұтынушылар үшін қауібі

Қазақстанның ресми тілдерінде ақпараттың жоқтығы тұтынушыларды өнімнің құрамы, сақтау мерзімі және сақтау шарттары туралы білу мүмкіндігінен айырады. Бұл әсіресе өнім құрамында ықтимал аллергенді ингредиенттер немесе белгілі бір топтағы адамдардың тұтынуына қарсы көрсеткіштері бар заттар болуы мүмкіндігімен қауіпті. Сонымен қатар, ЕАО (Еуразиялық экономикалық одақ) нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісінің болмауы өнімнің міндетті сәйкестікті растау рәсімдерінен өтпегенін білдіріп, оның қауіпсіздігіне кепілдік бермейді.

Өндірушілер мен сатушылардың жауапкершілігі

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, өндірушілер мен сатушылар тауар туралы толық және шынайы ақпаратты, ақпараттың мәтінін ұсынуға, сондай-ақ "ҚазақстанРеспубликасының Тіл туралы" заңы талаптарын сақтауға міндетті. Кеден одағының заңнамасы мен техникалық регламенттерін бұзғаны үшін сатушылар (дайындаушылар) қомақты айыппұлдар, сондай-ақ өнімді айналымнан алып тастау түріндегі жауапкершілікке тартылады. Ауыр бұзушылықтар орын алған жағдайда кері қайтарып алу науқаны жүргізіліп, сапасыз тауарлар жойылуы мүмкін.

"Азық-түлік өнімдерін таңдағанда әркез мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың қолжетімділігіне назар аударыңыз. Егер ақпарат тек шет тілінде берілсе, сіз сатушыдан өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттарды талап етуге толық құқығыңыз бар. Сіздің денсаулығыңыз – сіздің жауапкершілігіңіз, сондықтан да толық емес және сенімсіз ақпараты бар өнімге сенуге болмайды". Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова

Тұтынушыларға арналған жадынама

  1. Затбелгіні мұқият оқыңыз: Қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты тексеріңіз.
  2. Түбіртекті талап етіңіз: қолма-қол ақшаны немесе сату түбіртегін сақтауды ұмытпаңыз.
  3. Сертификаттарды сұраңыз: сәйкестік дәлелі бар екеніне көз жеткізіңіз.
  4. Тұтынушылар өнімнің сәйкестік декларациясының бар-жоғын өз бетінше қарау үшін ЕАЭО-ның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізіліміне және қазақстандық реестрге.қол жеткізе алады.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: