Тараздағы дүкен сөресінде мерзімі өтіп кеткен шұжық сатылған
Өнім кешенді зерттеуге Қазақстан Республика Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚСЭК МЗ) Жамбыл облысындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасына ұсынылды. (2024 жылдың 18 шілдесіндегі № РО-24-09710 хаттамасы). Зерттеу барысында Кеден одағының "Тағамдықөнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламентінің талаптарына қатысты сәйкессіздіктер анықталды.
Сурет: Жанна Биятан
Тексеру барысында осы жылдың шілде айында сатылып алынған шұжықтың көрсетілген сақтау мерзімі сәуір айында өтіп кеткені анықталды. Таңбалау өнімнің жасалған күнін – 29.03.2024 деп көрсетеді, дұрыс температура мен ылғалдылық жағдайындағы жарамдылық мерзімі 12-ден 15 күнге дейін. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату тұтынушы денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді, өйткені жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер жұқпалы аурулардың және тағамнан уланудың қайнар көзіне айналуы мүмкін.
"Тамақ өнімдерін нақты және толық таңбалау тұтынушыларға өнімнің құрамы, тағамдық құндылығы мен қасиеттері туралы қажетті ақпаратты береді. Бұл олардың диеталық қажеттіліктеріне, аллергияларына немесе қалауларына негізделген ақпараттандырылған таңдау жасауға мүмкіндік береді. Түсінікті және нақты таңбалау өнімнің мазмұны мен сапасы туралы ашықтықты қамтамасыз ету арқылы тұтынушыларды өндірушілер немесе сатушылар тарапынан алданудан сақтайды". Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді өткізген сатушының жауапкершілігі
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды сатқаны үшін сатушылар заңды жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына (30-бап) сәйкес жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды өткізу айыппұлдар мен ақшаны қайтару немесе өнімді ауыстыру міндеттемесі көзделген бұзушылық болып табылады.
"Сатушы сөрелердегі тауарлардың белгіленген стандарттар мен талаптарға сай болуын қамтамасыз етуге міндетті. Мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату тұтынушылардың құқықтарын бұзып, бөлшек саудаға деген сенімге нұқсан келтіреді. Мұндай сәйкессіздіктер анықталған жағдайда тұтынушылар бақылау органдарына (ескерту: аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы) тексеру жүргізу және сатушыны жауапкершілікке тарту үшін (ескерту: жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді өткізу фактілері расталған жағдайда жауапкершілік сатушыларға артылады) хабарласа алады. Жоспардан тыс тексеру жеке немесе заңды тұлғаның растайтын құжаттары бар өтініші түскен кезде ғана жүргізіледі. Растайтын құжат – фискалдық немесе сату түбіртегі болып табылады. Мүмкіндігінше фото/бейне материалдарды қоса берілген жөн".Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова
Зерттеу барысында келесідегідей сәйкессіздіктер де анықталды:
ГМА (ГМО) туралы ақпараттың болмауы: генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолдану арқылы алынған компоненттердің бар-жоғына қатысты ақпарат жоқ. Бұл ақпараттың ашықтығына қойылатын талаптарды бұзады, бұл әсіресе диетаны бақылауда ұстайтын тұтынушылар үшін маңызды.
Ұсыныстар мен шектеулердің болмауы: өнімді пайдалану бойынша ұсыныстардың немесе шектеулердің болмауы тұтынушылардың өздері сатып алатын өнімдер туралы толық және сенімді ақпарат алу құқығын бұзады, бұл саналы таңдау жасауды және өз мүдделерін қорғауды қиындатады. Мысалы, өнімді дұрыс пайдаланбау мен қажетті кеңестердің болмауы салдарынан проблемалар туындаса, бұл өндірушіге немесе сатушыға шағым беруді қиындатады. Бұл залалды қалпына келтіруге немесе ықтимал залал үшін өтемақы алуға әсер етуі мүмкін.
Өнім партиясының белгісіздігі: Өнім паритясын сәйкестендіруге көмектесетін ақпараттың болмауы тауарды қайтаруды және ықтимал сапа мәселесін қадағалауды қиындатады.
Сурет: Жанна Биятан
Өзіңді қалай қорғауға болады
Өнімдерді сатып алғанда әрқашан жарамдылық мерзімін және құрамы мен сақтау шарттары туралы қажетті ақпараттың болуын тексеріңіз.
"Егер сіз қандай да бір бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерге тап болсаңыз, тауарды қайтаруға немесе айырбастауға құқығыңыз бар. Құқықтарыңызды қорғау үшін тиісті органдарға немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктеріне де хабарласуға болады. Денсаулығыңызды күтіңіз және өнімнің қаптамасындағы ақпаратқа мұқият зер салыңыз. Жауапты сатушылар сіздің қауіпсіздігіңізге және барлық стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді".
2024 жылдың маусым айында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі Тараз дүкенінен сусындар "Mango" (1 л), "Sourecherry" (1 л) және RICO "Orange", "Pomegranate" (әрқайсысы 330 мл) сатып алып, оларды кешенді сараптамаға тапсырды.
Сурет: Жанна Биятан
Сурет: Жанна Биятан
Барлық сусындар микробиологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіздік сараптамасынан сәтті өтті, сусындар тек таңбаламасынан "сүрінді". Зерттеу хаттамаларына сәйкес, барлық үлгілерде ЕАС сәйкестік белгісі мен орыс және мемлекеттік тілдердегі тұтынушы ақпараты жоқ болды.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.