Сарапшылар сүтті таңдағанда неге мән беру керектігін айтты
Сүттің қасиеті ерте заманнан белгілі. Бұл пайдалы нәрлі сұйықтық табиғи тыныштандырғыштығымен қатар, шөлді де қандырады, сонымен қатар дәрумендер мен микроэлементтерге де бай, сонысымен де иммундық жүйеге жақсы әсер етеді. Бірақ біз ішетін сүт, шынында да, пайдалы ма? Оның пайдасы мен зияны қандай? Әр сағат сайын өнеркәсіптік масштабта осы ақ сұйықтықты тонналап құйып жататын түрлі-түсті тетрақапшықтардың ішіндегі не? Дүкендеріміз бен супермаркеттеріміздің сөрелерінде алуан түрлі болып самсап тұрған сүт өнімдерінің сапасына кім және қалай жауап береді?
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі " сауда белгісіндегі сүт өнімдерінің үлгілері техникалық стандартқа сәйкес келмейтіндігін айтты.
Сурет: Жанна Биятан
"Қаптамада мемлекеттік тілде ақпарат болған жоқ. ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп есептеледі". "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілі Жанна Биятан
Оның айтуынша, мұндай жағдайлар олардың тәжірбиесінде жиі кездесіп жатады.
"Бұл ақпарат жарнама болып табылмайтын, консультативтік сипаттағы болғандықтан біз зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпаратты екі рет тексеріп, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің рұқсатымен бұқаралық ақпарат құралдарында таратамыз", – деп түсіндірді сарапшы.
Одан кейінгі кезекте материал қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болмаса, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес шара қолдану үшін тиісті тексеру органдарына жолданады.
Бұл факті "бұзушылық" деп танылған жағдайда, тиісті органдар өнімнің сәйкестік туралы декларациясының күшін жою немесе оны Қазақстан Республикасындағы айналымнан алып тастауы мүмкін.
Егер сізде тұтынып жүрген өнімдеріңізге қатысты басқа да сұрақтар туындаса, онда өнімді таңдағанда келесідегідей тармақтарға баса назар аударғаныңыз жөн:
- тағамдық өнімнің атауы,
- тағамдық өнімнің құрамы,
- тағамдық өнімнің шығарылған күні,
- тағамдық өнімнің жарамдылық мерзімі,
- тағамды сақтау шарттары,
- өнімді пайдалану бойынша ұсынымдар немесе шектеулер,
- өнімдердің тағамдық құндылығының көрсеткіштері,
- тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (ГМО) пайдалана отырып алынған компоненттердің бар-жоғы туралы ақпарат,
- ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер нарығындағы тауар айналымының бірыңғай белгісі (ЕАС),
- өнім қаптамасында өнім өндірушінің атауы мен орналасқан жері.
Сурет: Жанна Биятан
Ақпарат орыс және мемлекеттік тілдерде болуы керек.
"Өнімдерді мұқият таңдауды, фискалдық түбіртектерді және сәйкестік туралы декларацияларды сұрауды ұсынамыз".
Сүттің: тұтастай, қалыпты, майсыздандырылған және қалпына келтірілген (құрғақ) сияқты түрлері көп екенін ескеріңіз. Бірақ өңдеу дәрежесі бойынша пастерленген, стерильденген, ультрапастерленген және пісірілген болып бөлінеді.
Бұдан бөлек, сүттің өсімдіктектес: майбұршақ, кокос, бадам, күріш, сұлы, қарақұмық және пісте сияқты түрлері де белгілі.
Сүтте көптеген дәрумендер мен микроэлементтер: кальций, магний, калий, фосфор, темір, мырыш, мыс, йод, фтор, селен, молибден, кобальт, хром, хлор, күкірт және тұздар, сондай-ақ амин қышқылдары мен Д дәрумені бар.
Майдың үлесіне байланысты сүтті бірнеше санатқа бөлуге болады. Мысалы, массалық үлесі 3,2 пайызды құрайтын сиыр сүтінде калория мөлшері 100 грамм өнімге 59 ккал, ал майлылығы 2,5 пайыздық қапшықта 52 ккал болады.
Өнімдерді мұқият таңдауды, фискалдық түбіртектерді және сәйкестік туралы декларацияларды сұрауды ұсынамыз.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.