Мамандар сары майды таңбалауға қандай талаптар қояды
Қаптамадағы ең маңызды көрсеткіштер – майдың майлылығы. "Нағыз майлар" 72% майлылықтан басталады.
2024 жылдың 19 маусымында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын сатып алушы тәсілімен Шымкент қаласындағы "Алаш" базарынан таза салмағы 500 грамм болатын, "VAMIN" сауда белгісіндегіжоғарғы сортты шаруа майын сатып алған.
Сурет: Жанна Биятан
Сатып алынған өнім "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық қауіпсіздік талаптарын жан-жақты зерделеу, Кеден одағының "Май және май өнімдерінің техникалық регламенті" 024/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/20211 техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынылды.
Зерттеу барысында мынадай сәйкессіздіктер анықталды:
- тамақ өнімдерінің құрамы туралы мәліметтер жоқ;
- шығарылған күні туралы ақпарат жоқ;
- жарамдылық мерзімі көрсетілмеген;
- өндіруші белгілеген сақтау шарттары туралы ақпарат жоқ;
- тағамдық құндылығы туралы ақпарат жоқ;
- ЕАО айналым белгісі жоқ;
- қазақ тіліндегі ақпарат жоқ;
- тамақ өнімдері өндірілетін және сәйкестендірілуі мүмкін құжат туралы мәліметтер жоқ.
Бұл сәйкессіздіктердің қауіптілігі неде:
- Жарамдылық мерзімі: Өндірілген күні мен жарамдылық мерзімі жазылмаса, тұтынушылар өнімнің жаңа немесе жеуге қауіпсіз екенін біле алмайды. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамдарды жеу тамақтан улануға және денсаулықтың басқа да ауыр зардаптарын тудыруы мүмкін.
- Сақтау шарттары: Сақтау шарттары туралы мәліметтердің көрсетілмегенінен тұтынушылар өнімді дұрыс сақтамауы мүмкін, бұл оның бұзылуына әкеліп соғатыны анық. Мысалы, кейбір тағамдарды салқын жерде немесе тоңазытқышта сақтау қажет, ал дұрыс сақталмаған жағдайда бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюі хақ.
- Бақылау және жауапкершілік: Қаптамадағы ақпарат өнімді өндірушіге дейін "жеткізіп", оны іздеуге көмектеседі. Сапа немесе қауіпсіздік мәселелері анықталса, өндірушіні анықтауға және өнімді нарықтан кері қайтарып алумен қоса, тиісті шараларды қолдануға да болады.
- Аллергендер және арнайы диеталар: Кейбір адамдарға аллергияға немесе арнайы диетаға байланысты тағамның құрамы мен сақтау шарттарына қатысты нақты ақпарат қажет. Бұл ақпаратты бермеу елеулі аллергиялық реакцияларға немесе басқа да медициналық мәселелерге әкелуі мүмкін.
- Аллергиялық реакциялар: ГМА (ГМО) бар-жоғын көрсетпеуі салдарынан тұтынушылар өздеріне зиянын тигізуі мүмкін белгілі бір заттарға сезімталдығы артуын, аллергиялық реакцияларды тудыру қаупін білмейді.
- Құқықтық қорғау: Көптеген елдердің заңнамасы, соның ішінде Қазақстан да тұтынушыларды қорғау мақсатында бұл ақпараттарды беруді талап етеді. Мұндай ақпараттарды бермеу тұтынушылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін, ал бұл заңдар мен стандарттардың талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін.
- Экономикалық, саяси және әлеуметтік зиян: Жалған өнімдерді қолданудан тек дамушы елдер ғана емес, дамыған елдер де зардап шегуде. Контрафактілі тауарлардың ел аумағына кең таралуы орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Контрафактілік өнімдерді сатуға шығару арқылы қарақшылар салық төлеуден жалтарып, нарыққа арзандатылған бағаны ұсынады. Сонымен қатар контрафактілік өнімнің жекелеген түрлері ресми өндірушілердің заңды мүдделері мен серіктес мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық қарым-қатынастар құрудағы Қазақстанның абырой-беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен қатар біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, олардың өмірі мен денсаулығына да елеулі қауіп төндірері хақ.
Зерттеу барысында алынған барлық материалдар тексеру органдарына жолданды.
Сарапшының кеңесі
- Денсаулығыңызды қорғау және келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін әрқашан қаптамада толық және нақты ақпараттың бар-жоғын тексеріңіз!
- Өнімді сатып алу фактісін растайтын фискалдық немесе сату түбіртегін сұрау;
- Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын сертификатты/декларацияны талап ету.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғауқоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) тұтынушылардың мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандықтардың денсаулығы мен өміріне қамқорлық жасайды, олардың құқықтарын қорғаумен айналысады. Ұйым әлеуметтік жоба аясында халық тұтынатын тауарларды зерттейді, аккредиттелген зертханаларда зерттеулер жүргізеді және олардың объективті және сенімді нәтижелерімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бөліседі, адамдарға өз құқықтарын жақсы түсінуге және қорғауға көмектеседі.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.