Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодардағы құс еті контрафакті болып табыла ма

құс еті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2024 15:22 Сурет: pixabay
"Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілі Жанна Биятан Павлодар қаласындағы танымал дүкендердің біріне кіріп, Qualiko мұздатылған бройлер-балапанның аяғын сатып алды.

Дайындаушы: "Перерабатывающий комплекс" филиалы, "Винницкая птицефабрика" ЖШҚ, Ладыжин қ., Украина, салмағы 2 500 грамм. Павлодар облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді талдау жүргізу үшін жеткізді.

құс еті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2024 15:22

Сурет: Жанна Биятан

Өнім үлгісін зерттеу мақсаты – Кеден одағының "Тағам өнімінің қауіпсіздігі туралы" КО ТР 021/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенттеріне өнімнің сәйкестігін анықтау болып табылады.

Тағам өнімдерін зерттеу хаттамаларымен мынадай бұзушылықтар анықталды:

  • өнімнің құрамы туралы ақпарат жоқ;
  • тағамдық құндылық көрсеткіштері көрсетілмеген;
  • тағамдық өнімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар бойынша ақпарат жоқ;
  • ЕАС бірыңғай айналым белгісі жоқ;
  • тағам өнімдерінде ГМА (ГМО) пайдаланумен алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер көрсетілмеген;
  • қаптама таңбалауына жазылған пиктограмма мен символдар жоқ;
  • пайдаланылған қаптаманы кәдеге жарату жөнінде ақпарат көрсетілмеген;
  • мемлекеттік тілде ақпарат жоқ.

(Зерттеу хаттамасы: №РО-24-03468/239 17.07.2024 жыл)

Тағам өнімін таңбалау түсінікті, жеңіл оқылатын, нақты болуы және тұтынушыларды (алушыларды) шатыстырмауы керек, сонымен бірге жазбалар, белгілер, символдар таңбалау жазылған фоннан дұрыс көрінуі керек.

Таңбалауды жазу әдісі дайындаушы көрсеткен сақтау талаптарын орындай отырып тағам өнімдерінің жарамдылығы мерзімі ішінде оның сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

құс еті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2024 15:22

Сурет: Жанна Биятан

"Бұл өнімді сатып алу кезінде мен сәйкестік туралы декларацияны сұрадым, бірақ оны дәл сол кезде көрсете алмады. Кейінірек дүкеннің қызметкерлері WatsApp мессенджері арқылы өнімнің сапасын және қауіпсіздігін растаушы құжат ретінде ветеринарлық анықтаманы жолдады, дегенмен, заңнаманың талабына орай маған өнімнің сәйкестігі туралы декларация керек болған", — деді сатып алушы Жанна Үрметханқызы.

Сәйкестік туралы декларация – бұл дайындаушы, импорттаушы, дайындаушының уәкілетті тұлғасы немесе сатушы айналымға шығарған өнімнің сәйкестігін, процестер мен қызметтердің техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік туралы декларация келесідегідей мәліметтерді қамтуы керек:

1) Өтініш берушінің атауы мен орналасқан орны;

2) Дайындаушының атауы мен орналасқан орны;

3) Осы нысанды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сәйкестікті растау нысаны туралы ақпарат;

4) Өнімнің талаптарға сәйкестігі расталатын Кеден одағының тағамның жеке түрлеріне техникалық регламентінің атауы;

5) Өтініш берушінің тағам өнімін қолдану кезіндегі оның қауіпсіздігінің Кеден одағының жеке тағам түрлеріне арналған техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдап, белгілеуге қатысты өтініші;

6) Жүргізілген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тағамдық өнімнің жеке түрлеріне Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына тағам өнімінің сәйкестігін растауға негіз болған құжаттар

https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31121683

Бұл деректер бойынша зерттеу материалдары тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Фальсификат сатты ма, жоқ па, сайт арқылы өтініш жолданған тиісті органдар анықтауы мүмкін https://eotinish.kz/kk.

Мұндай жағдайда кәсіпкерлерге төнетін қауіп қандай?

Қазақстан заңнамасына сай, тағам өнімдерінің таңбалауына қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін айыппұлдар мен басқа да санкциялар көзделген.

Нормалардың бұзылуы өнімді айналымнан тәркілеуге және айыппұлдар салуға әкелуі мүмкін. Оның үстіне, тұтынушылардың сенімін жоғалту бизнеске елеулі залал келтіріп, нарықтағы оның тұрақтылығына кері әсер ететіні сөзсіз.

Мұндай өнімдерді өткізумен айналысатын кәсіпкерлердің бұзушылығы анықталғанда бұл олардың абыройларына нұқсан келтіріп қана қоймай, қаржылық және заңдық салдары болатынын да ескергендері жөн.

Осылайша, тағамдық өнімнің дұрыс және толық таңбалануы – бұл тек формальды талап емес, сонымен қатар тұтынушылар құқығын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі. Кәсіпкерлер оның кері салдарын болдырмауы және өз клиенттерінің сеніміне ие болуы үшін таңбалау стандарттарын қатаң сақтауы тиіс.

Бұл ретте "Qualiko" тоңдырылған өніміне микробиологиялық көрсеткіштерге, өнімдегі сынаптың концентрациясына қатысты сараптама жүргізілді, соған сәйкес кешенді зерттеудің барлық көрсеткіштері "Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттің белгіленген нормаларынан аспайтыны анықталды.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: