Өнімді таңбалау туралы кәсіпкерлер мен тұтынушылар нені білуі керек
"Дүкен сөрелерінің жанынан кетпей тұрып өніммен мұқият танысыңыз, қандай өнімді сатып алатыныңызды және бұл өнімнің арзан контрафактілік екенін алдын ала білу үшін таңбалауындағы көрсетілген бүкіл ақпараттарды тексеріңіз" деп кеңес береді сарапшылар да, пайдаланушылар да.
"Тамақ таңдауда қырағылық
танытыңыз, өйткені сіздің денсаулығыңыз тұтынатын сол
тағамдарға байланысты" деп кеңес береді диетологтар.
Өнімді таңбалау талаптарын сақтау – тұтынушы құқығын қорғау!
Қоғамдық тұтынушылар бірлестіктері тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратынын естеріңізге саламыз.
Шымкенттегі базарлардың бірінен тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілі жасырын сатып алушы әдісімен сирек кездесетін өнім – аздап тұздалған, хош иістендірілген, пастерленген, шыны ыдыстағы имитациялық "Қара уылдырықты" сатып алды. Таза салмағы 220 г., өндіруші елі – Ресей, "Балтық жағалауы.
Сурет: Жанна Биятан
Ынтымақтастық туралы келісімге орай, сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық қауіпсіздігі жәнебалық өнімдері туралы" 040/2016, Кеден одағының "Тағамдықөнімдерді таңбалауға қатысты" 022/20211 техникалық регламенттерінің барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу үшін Шымкент қаласындағы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ОҚФ аккредиттелген сынақ зертханасына ұсынылды.
Сурет: Жанна Биятан
Сынақ хаттамасына сәйкес:
- пайдалану бойынша ұсыныстар немесе шектеулер жоқ;
- барлық ақпарат тек орыс тілінде берілгені белгілі болды.
ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғаутуралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп есептеледі.
Кәсіпкерлер мен тұтынушылар нені білуі керек?
Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022//2011 техникалық регламентіне сәйкес, өндірушілер өз өнімдері туралы толық және нақты ақпаратты, оның ішінде дұрыс атауы мен сериясының нөмірін ұсынуға міндетті (таңбалауда көрсетілген тамақ өнімінің атауы өнімнің тағамдық өнім ретінде жіктелуі үшін оны сенімді түрде сипаттайды және оны басқа тамақ өнімдерінен ажыратуға мүмкіндік береді). Сонымен қатар, тауарды айналымға шығарған өндіруші ол туралы құрамы, қасиеттері, мақсаты бойынша тұтынушыларды жаңылыстырмайтындай өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын басқа да ақпараттармен бірге, өнім туралы толық, қажетті, түсінікті және сенімді ақпаратты Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламентіне орай беруге тиіс. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың өнімді таңдау және дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, құрамына, қасиеттеріне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын, сондай-ақ өнімнің сапасын тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де ақпараттары көрсетілмеген, өнім туралы толық, қажетті, түсінікті және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етілмеген тауарды айналымға шығарған сатушыға әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Аталған факті бойынша шаралар қабылдау үшін материалдар тиісті органдарға жолданды.
"Айыппұлдар мөлшері өте жоғары, сондықтан мен кәсіпкерлерді сауда алаңында тәртіпті сақтауға шақырамын. Сату алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізіңіз, таңбалауға, атап айтқанда, жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейтін 4-бапқа қатысты сәйкессіздіктерді байқасаңыз, дистрибьютерлердің тауарларынан бас тартқан жөн", - деді Шымкент қаласының кәсіпкерлерінің назарына қаратып құқыққорғаушы Жанна Биятан.
"Мен сөредегі өнімдерді әртараптандыру үшін көбінің тәуекелге баратынын, яғни қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжатсыз тауарды сатуға жіберетінін түсінемін", – деп жалғастырды ол.
Тауарды сатуға алғанда импорттаушылардан/дистрибьюторлардан сәйкестік туралы декларацияны талап ету қажет, ол түпнұсқа мөрімен куәландырылуы тиіс.
Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылдың 12 қарашасындағы № 130 шешімімен көрсетілген, оның 10-бабында:
Импортталатын өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін бірыңғай нысанда ресімделген сәйкестік туралы декларацияны пайдалануға, егер мұндай өнімнің декларанты:
- осы өнімдердің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші ретінде құжаттарда көрсетілген тұлға болса;
- сәйкестікті растау кезінде өтінім беруші немесе өндіруші техникалық реттеу шараларына сәйкестігін растау үшін осындай құжаттарды пайдалануға рұқсат берген (жаппай өндірілетін өнім үшін) тұлға болса.
"Мұндай құжаттарды пайдалану құқығы көрсетілген тұлғаға сәйкестікті бағалау кезінде өтініш берушінің немесе өндірушінің мөрімен куәландырылған көшірмелерін беру арқылы расталады", - дейді заңгер Жанна Үрметханқызы.
Көріп отырғанымыздай, өнімді сататын әрбір кәсіпкердің өтініш беруші ретінде сәйкестік туралы декларациясы болуы керек. Ал егер ол декларацияның өтініш берушісі болмаса, онда өтініш берушінің немесе өндірушінің өзінің мөрімен куәландырылған декларацияның көшірмелері болуға тиіс.
Бұл жағдайда декларацияға өтініш беруші кез келген кәсіпкер немесе өндірушінің өзі бола алады.
Декларация қандай болуы керек?
"Сонымен қатар, тұтынушылар мен кәсіпкерлер декларацияның бар-жоғын сілтемесі бойынша "Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінде" өз бетінше тексере алады. Сондай-ақ, сәйкестікті бағалауға арналған құжаттар тізіліміне арналған қазақстандық сайт бар: онда тауарлар мен құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге болады, – деп қазақстандық кәсіпкерлерге кеңес береді заңгер Жанна Биятан Үрметханқызы.
Осы және тағы да басқалар туралы аталмыш әлеуметтік жоба мерзімі аяқталған соң өтетін брифингте айтатын боламыз.
Брифингтің өтетіні туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланады: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/
Тұтынушыларға арналған ұсыныстар
Өз мүддеңізді қорғап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін сарапшылар мыналарды ұсынады:
1. Қаптамадағы таңбалау талаптарының барлығын тексеріңіз.
2. Қаптамадағы ақпарат күмән тудырса, кез келген бұзушылықтар туралы бақылаушы органдарға хабарлаңыз.
3. Өнімдерді таңдағанда абай болыңыз, әсіресе қаптамадағы ақпараттың толықтығына көз жеткізіңіз.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.