Чипсті таңдағанда неге мән беруіміз керек
Аңызға қарағанда, мейрамхананың фирмалық рецептерінің бірі француз фриі болған. Бір күні кешкі ас үстінде теміржол магнаты қуырылған картопты "тым қалың" деп ұнатпай, ас бөлмесіне қайтарады. Бас аспаз Крам магнатқа қалжыңдап, картопты енді қағаздай жұқа етіп кесіп, қуырып береді. Бірақ магнат пен оның достарына бұл тағам ұнап қалады. Біраз уақыттан кейін чипс мейрамхананың ең танымал тағамына айналады.
Әлемде чипстердің зияндылығына қатысты көптеген даулар бар. Кейбіреулер чипсті "картоп өнімі емес" деп айтады, өйткені олардағы картоп мөлшері 42% аспайды (өндіріс процесінде ашытқы қамыры пайдаланылады, бұл оларды пирог немесе печеньелермен байланыстыруына қатысты болса керек). Ал кейбіреулер чипстерді дайындау кезінде майды тез әрі қатты қыздыру барысында крахмалдан өте қауіпті саналатын канцероген – акриламид пайда болатынын, бұл өнімді үнемі және көп мөлшерде тұтыну обыр ауруына ұшырататынын айтады.
САҚ БОЛЫҢЫЗ, ЖАЛҒАН ӨНІМ!
Қазақстанға әкелінген чипстерге қатысты тиісті құжаттары және таңбалауында қазақ және орыс тілдерінде ақпараттар болмаса, ол ең қауіпті өнім дегенді білдіреді.
Абай облысындағы сатылып жатқан тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі тұтынушылардың өз құқықтарын түсініп, қорғануы жолында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ұйым халық тұтынатын тауарларға зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратады, пайдалы ақпарат беріп, азаматтардың құқықтарын қорғауда қолдау көрсетеді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілі Семей қаласындағы дүкендердің бірінен жасырын сатып алу әдісін қолданып, шығарылған елі белгісіз "Сoрico" чипстерін сатып алған.
Сурет: Жанна Биятан
Қоғам өкілі Жанна Биятанның айтуынша, сатып алу кезінде сұрауына байланысты өнімнің техникалық регламентке сәйкестігі туралы декларация ұсынылған.
Сурет: Жанна Биятан
Қауіпсіздіктің барлық талаптарына кешенді зерттеулер жүргізу үшін сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік сараптама комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" Шығыс Қазақстан облысы бойынша ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген ғылыми-зерттеу зертханасына ұсынылды (тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеуге арналған хаттама 09.07.2024 ж. № 221/15226, 11.07.2024 ж. пестицидтерді анықтауға қатысты № 58/15226).
Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/20211 техникалық регламентіне сәйкестігін анықтауға қатысты жүргізілген зерттеулердің хаттамасында:
1) тамақ өнімдерінің атаулары туралы;
2) тамақ өнімдерінің құрамы туралы;
3) тамақ өнімдерінің саны туралы;
4) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы;
5) тамақ өнімдерін сақтау шарттары туралы;
6) өндірушінің
атауы мен орналасқан жері туралы;
7) өнімді
пайдалану бойынша ұсыныстар немесе шектеулер туралы;
8) тамақ
өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері туралы;
9) өнімде
генетикалық түрлендірілген ағзалардың бар-жоғы туралы;
10) ЕАО бірыңғай таралым белгісі жоқ.
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі
мәліметтердің жоқтығы көрсетілген.
"Қаптаманыңқауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке (КО ТР 005/2011) сәйкестікті анықтау кезінде мына жағдайлар белгілі болды:
Таңбалауда 3-қосымшаға сәйкес, орамасы (қаптамасы) жасалған материалдың сандық коды немесе әріптік белгісі (аббревиатурасы) болуы және 4-қосымшаға сәйкес, таңбалар болуы тиіс: 1-сурет (орама (жабу) тамақ өнімдерімен жанасуға арналған), 2-сурет (пайдаланылған қаптаманы (жабуларды) қайта өңдеу мүмкіндігі – Мебиус ілмегі), ақпарат жоқ.
Тағам өнімдерімен жанасқан қаптаманы пайдалану мақсатын көрсететін таңба жоқ.
Өнімнің таңбалануына назар аударыңыз!
Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкес, осы немесе Кеден одағының басқа да техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдері, оның ішінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдерін шаруашылық қызметке қатысушы (азық-түлік тауарларының иесі) өз бетінше немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік уәкілетті бақылау (қадағалау) органдарының бұйрығымен айналымнан алып тастауға жатады.
Кеден одағының 021/2011 техникалық регламенті 40-бабының1-тармағына сәйкес, ЕАЭО-ға (бұрынғы КО) мүше мемлекеттер ЕАЭО (бұрынғы КО) кедендік аумағына Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін шығаруды болдырмау үшін барлық шараларды қабылдауға, сондай-ақ оларды айналымнан шығаруға міндетті.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан өндіруші немесе өндірушінің уәкілеттік берген тұлғасы және импорттаушы тауарды айналымға шығарған кезде өнім туралы толық, қажетті, түсінікті және сенімді ақпаратпен, тұтынушыларды құрамына, қасиеттеріне, мақсатына, өндіруші немесе өндірушінің уәкілеттік берген тұлғасы және импорттаушыға қатысты, сақтау, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату шарттарына, дайындау (өндірісте) және пайдалану (тұтыну) тәсіліне, жасалған күні (өндіріс), энергия тұтыну (энергия тұтынатын жабдық үшін), шығу тегі, сақтау мерзімі, салмағы, көлемі, саны, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын және оларды дұрыс таңдау жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа да мәліметтермен (Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылдың 21 мамырындағы № 348-НҚ бұйрығымен бекітілген "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар" ТР 6-бабы) қамтамасыз етуі тиістігін алға тартады.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін тиісті шаралар қолдану мақсатында зерттеу материалдары құзыретті органдарға жолданатын болады.
Тұтынушы, өз құқығыңды біл!
ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес:
1. Тұтынушы тауардың және дүкеннің фото және бейнежазбаларын дәлел ретінде пайдалануға құқылы
2. Тұтынушыға қолма-қол ақшаны, фискалды немесе сату түбіртегін ұсынбаған кәсіпкер тұтынушылардың құқықтарын бұзса;
3. Тұтынушылардың сатып алғанын растайтын және тауар, оның бағасы және сатушы туралы мәліметтері бар құжатты сұрауға, алуға құқығы бар.
4. Мұндай құжаттардың болмауы тұтынушыны өнімге қатысты кемшіліктер анықталған жағдайда талап қою, ақшасын қайтару немесе өнімді айырбастау мүмкіндігінен айырады.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.