Қантымыз қайдан келеді
Біз үнемі тағамдық өнімнің сапасы мен
қауіпсіздігіне кепіл беруде басты элемент болып табылатын тағам өнімінің
қаптамасындағы таңбалауды оқып, зерделеудің маңызды екенін айтып келеміз,
өйткені онда құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау талаптары мен тұтынушылар үшін
өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да аспектілер жайында қажетті ақпараттар
жазылады.
"Жезқазған қаласы супермаркеттері тағам өніміне жасалған жақындағы зертханалық зерттеулер қорқынышты фактілердің бетін ашты – қаладағы дүкендер сөрелерінен шығарылған елі көрсетілмеген белгісіз сусындар табылды. Бұл туралы келесі материалда айтамыз", - деп көңілімізді алаңдатып қойды Жанна әңгімесін әрі қарай жалғастыра отырып.
Ал қазір айтылатын әңгіме кондитерлік бұйымдарға қосылатын өнім туралы болып отыр.
Сурет: Жанна Биятан
Суреттегі "Sugar" ағылшын тілінен аударғанда "Қант" екенін көріп отырмыз.
Бірақ "оны кім шығарған және Қазақстанға кім әкелген?" деп құқықбұзушылықтың ауырлығын анықтау үшін өтініштер жолданған тексеруші органдар сұрауда.
Бұл қант Жезқазған қаласы дүкендерінің бірінен сатылып алынған және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (ҚР ДСМ СЭБК) Ұлытау облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына берілді.
Сурет: Жанна Биятан
Мақсаты – тауарлардың қауіпсіздігі туралы ҚР
заңнамасы талаптарына, яғни Кеден одағының "Тағамдық
өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттеріне
сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу.
2024 жылдың 22 шілдесіндегі №400 зерттеулер хаттамаларына сәйкес, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың жоқтығы анықталды.
"Техникалық регламентке сәйкес, қаптамадағы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде түсінікті, жеңіл оқылатын, нақты әрі тұтынушыны адастырмайтындай болуы керек. Таңбалауды жазу тәсілі өндірушінің көрсеткен сақтау шартын сақтай отырып, жалпы жарамдылық мерзімі ішінде оның сақталуын қамтамасыз етуі тиіс", - деп кеңесін береді сөз соңында сарапшы Жанна Биятан.
Бұл тауарда қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттың жоқ екенін байқауға болады. Сондай-ақ атауы, құрамы, саны, дайындау күні, жарамдылық мерзімі, сақтау талаптары туралы, пайдаланудағы шектеулер бойынша ұсыныстар, өнімнің тағамдық құндылық көрсеткіштері туралы, сондай-ақ ЕАС белгісі туралы мәліметтер көрсетілмеген.
Заңнамалық аспектілер: кәсіпкерлердің жауапкершілігі
Өнімде тиісті таңбалаудың болмауы
тұтынушылардың құқығын кемсітіп қана қоймай, сонымен қатар олардың денсаулығы
мен қауіпсіздігі үшін елеулі қауіп тудыруы мүмкін. Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан екі
тілде ақпараттың болмауы, сондай-ақ өңдеу күні және жарамдылық мерзімі туралы
мәліметтердің жоқтығы тағамдық улану тәуекелдерін арттыруы мүмкін екенін алға
тартады.
Азаматтар өз құқығы мен денсаулығын қорғау үшін,
сарапшылар мынадай кеңестерді ұсынады:
- Өнімнің қаптамасында толық және нақты таңбалаудың бар-жоғын әрқашан тексеріп жүріңіз. Біздің елде ақпараттың қазақ тілінде болғаны және оның толық, нақты әрі тауарға қатысты уақытылы берілгені маңызды.
- Бұзушылықтарды байқағанда қысылмай, Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде қажетті шараларды бастап, мәселе туралы тиісті органдарға жүгініңіз.
Бұл қадамдар тек тұтынушылар құқықтарын қорғап қана қоймай, сонымен қатар нарықтағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Бұл материалды әлеуметтік жобаны орындаушы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш фактіге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739. Instagram.
Сурет: Жанна Биятан