Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі ресейлік брендтің шұжықтары Қазақстандағы зертханада тексерілді

Белгілі ресейлік брендтің шұжықтары Қазақстандағы зертханада тексерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 10:11 Сурет: pxhere
2024 жылғы 1 шілдеде "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілі Орал қаласындағы сауда орындарының бірінен "құпия сатып алушы" әдісімен "Папа может" етті шұжығын сатып алды, өндіруші "ОМПК"АҚ , Ресей, салмағы 400 грамм, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда оның бір шарасы ретінде өнімнің нормативтік құқықтық актілерге, Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін зерттеу, сондай-ақ өнімнің (тауарлардың) зерттеу (сынақ) нәтижелері туралы объективті және сенімді мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату болып табылады.

Егер өнім техникалық регламенттер мен гигиеналық нормаларда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін болып танылса, мәселен;

  • өнімнің қадағалануын, қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (жеткізушінің) құжаттары болмаса;
  • өнімнің таңбалауы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмесе;
  • жарамдылық мерзімі белгісіз немесе мерзімі өтіп кеткен өнімдер; жалған өнімдер қауіпті болып табылады.

Бұл туралы ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінде айтылған.

Тауарларды сату кезінде тұтынушыларды Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына, соның ішінде өнімнің таңбалануына сәйкес уақытылы хабардар ету тұтынушылардың сапалы және қауіпсіз өнімдерді сатып алуында маңызды рөл атқарады.

Бұл ретте ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. Ақпарат тек бір тілде немесе шетел тілінде ұсынылса – онда ақпарат ұсынылмаған деп саналады.

Ақпарат мәтіні "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Белгілі ресейлік брендтің шұжықтары Қазақстандағы зертханада тексерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 10:11

Сурет: Жанна Биятан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының жоғары технологиялық зерттеулер зертханасының мамандары бұл өнімді Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкестігін зерттеді. 2024 жылдың 9 шілдесіндегі № 1240011002926861/81 хаттамасы бойынша альфа-, бета-, гамма- изомерлері анықталған жоқ.

Сондай-ақ бұл өнім жоғары технологиялық зерттеулер зертханасының мамандарымен Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 034/2013 техникалық регламенттеріне сәйкестігін де зерттеді. 2024 жылғы 9 шілдесіндегі № 2240011002926861/40 хаттамасы бойынша, бұл өнімде қорғасын, кадмий, мышьяк анықталған жоқ.

Санитарлық-гигиеналық зертхана мамандары өнімді Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламеніне сәйкестігіне зерттеу жасап, нәтижесінде Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Мұны 2024 жылдың 10 шілдесіндегі № 1240001022927357/275 хаттамасы растайды.

Бактериологиялық зертхана мамандары өнімді Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкестігіне зерттеді. № 1240002002926186/130 хаттамасына орай, БГКП, S.aureus стафилококк, сульфиттерді редуцирлейтін клостридийлер, сальмонеллалар анықталған жоқ.

Белгілі ресейлік брендтің шұжықтары Қазақстандағы зертханада тексерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 10:11

Сурет: Жанна Биятан

Көріп отырғанымыздай, бұл өнімнің мамандар тарапынан мұқият зерттелуі тұтынушыларды қуантып отыр, өйткені зерттелген өнімнің өндірушісі болып табылатын кәсіпкер техникалық регламенттер талаптарын, демек, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң нормаларын адал орындап, тұтынушыларға ұсынылатын өнімнің қауіпсіздігі туралы шынайы ақпарат береді.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі таратып отырған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі Қазақстанның республикалық маңызы бар қалаларында және барлық облыс орталықтарында 15-тен 40-қа дейінгі азық-түліктік және азық-түліктік емес өнім түрлерін зерттеуге жіберді.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: