Жаңалықтар тізбегі
0

Қаптамада ақпараттың болмауы сатып алушыға қандай қауіп төндіреді

Қаптамада ақпараттың болмауы сатып алушыға қандай қауіп төндіреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 11:35 Сурет: pxhere
Дүкен сөресіндегі көптеген тәтті дәмнің арасынан, қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін тартымды өнімдерді жиі кездестіруге болады. Мәселен, осындай жағдайлардың бірі Көкшетаудағы Haseinuss-Pralinen-нің "GE NUSS MOMENT" шоколад кәмпиттерінен анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу өткізу үшін салмағы 180 г. болатын сатып алынған өнім Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011, "Тағам өнімінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Қаптама қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігін анықтау үшін ынтымақтастық туралы шартқа сай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ СЭБК) ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырылды.

Қаптамада ақпараттың болмауы сатып алушыға қандай қауіп төндіреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 11:35

Сурет: Жанна Биятан

05.07.24 ж. №РО-24-08772/281 зерттеулер хаттамасы бойынша келесідегідей заңнамаға сәйкессіздіктер табылды:

  • Дайындық күнінің болмауы: Бұл ақпаратсыз өнімнің қаншалықты балғын екенін және оның өз қасиеттерін қаншалықты ұзақ сақтай алатынын анықтау мүмкін емес.
  • Дайындаушының атауы және орналасқан орны көрсетілмеген: Бұл өнімнің түпнұсқалығын және оның шыққан орнын тексеруді қиындатуы мүмкін, егер өнімнің сапасы немесе шыққан орны туралы сұрақтар туындаса, бұл өз кезегінде тұтынушылардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.
  • Ұсыныстардың және пайдалану бойынша шектеулердің болмауы: Бұл аллергиялары немесе белгілі медициналық көрсеткіштері бар адамдар үшін өте маңызды. Мұндай ұсыныстардың болмауы жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
  • КО мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген: Мұндай белгі қауіпсіздіктің жалпы стандарттарына өнімнің сәйкестігін куәландырады және оның болмауы талаптардың бұзылу белгісі болуы мүмкін.
  • Толық емес таңбалау: Қаптамада орыс тілінде және КО мүше мемлекеттің мемлекеттік тіліндегі ақпарат жоқ, бұл техникалық регламенттің бұзушылығы болып табылады.

Ресми тілдердегі ақпараттың болмауы өнімді түсінуді және оны пайдалануды қиындатады, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғаутуралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сай бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Бұдан өзге қаптама материалы мен қажетті пиктограмма туралы ақпараттың болмауы: Қаптаманың белгілі бір материалдары құраммен реакцияға түсуі және әсіресе, дұрыс сақтамау кезінде жарамдылық мерзімі ұзақ кездері зиянды заттар бөлуі мүмкін. Қаптама материалын көрсетпей, қаптаманың қауіпсіздік стандарттарына сай келетін не келмейтінін және өнімге теріс ықпалы қаншалықты болатынын анықтау қиын.

Қаптамада ақпараттың болмауы сатып алушыға қандай қауіп төндіреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 11:35

Сурет: Жанна Биятан

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 1-бабы 1-тармағы 282-тармақшасына сай: халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнім – техникалық регламенттерде, гигиеналық нормативтерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес деп танылған, оны қолдану немесе тұтыну кезінде адамның денсаулығына зиянды әсерге байланысты ықтималдың бар-жоғын куәландыратын өнімнің жай-күйі; өндірушінің (өнім берушінің) оның қадағалануын, қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ; таңбалануы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін; жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе өткен өнім; жалған өнім.

Тұтынушыларға арналған сарапшы-құқыққорғаушы Алия Алибекованың ұсыныстары:

  • Дайындау күнін және жарамдылық мерзімін тексеріңіз: Бұл мерзімі өткен өнімді сатып алуға жол бермеуге көмектеседі.
  • Өндіруші туралы толық ақпарат іздеңіз: Қаптамада қадағалау және тексеру үшін барлық қажетті мәліметтердің көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.
  • Пайдалану жөніндегі ұсыныстарды оқыңыз: Егер сізде аллергиялар немесе ерекше медициналық көрсеткіштер болса, өнімдерге мұқият қараңыз.
  • Қаптаманың стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізіңіз: Қауіпсіздік стандарттарының өнімге сәйкестігін растаушы белгілер мен символдардың бар-жоғына назар аударыңыз.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: