Өнімді таңбаламаған жағдайда қандай көлемде айыппұл салынады
Аталған өнімді ҚР ДСМ ҚСЭК Қызылорда облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011, "Орам қаптардың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігін анықтау үшін кешенді зерттеуге тапсырылды.
Сурет: Жанна Биятан
28.06.2024 ж. №792 кешенді зерттеу жүргізу хаттамасының деректеріне сәйкес, мынадай сәйкессіздіктер анықталды:
- Өнімнің атауы, құрамы, тамақ өнімдерінің саны, өндірілген мерзімі, жарамдылық мерзімі, тамақ өнімдерін сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану бойынша ұсыныстар немесе шектеулер, тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері туралы мәліметтер – түрік тілінде жазылған.
- Кеден Одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген.
- Таңбалауда мемлекеттік тілде ақпарат жазылмаған.
Бұл жерде еліміздің тұтынушысы тауар туралы мәліметті мемлекеттік тілде оқып танысуға мүмкіндігі болмағандықтан, оның конституциялық құқығының бұзылатыны анық.
Техникалық регламенттерге сай келмейтін өнімді тұтынушыға ұсынғаны үшін кәсіпкерге Әкімшілік құқықбұзышылық туралы кодексте көрсетілген жауапкершіліктер қарастырылған.
"Себебі, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 24-бабына сәйкес, сатушы немесе дайындаушы тауарға қатысты барлық ақпараттарды "Қазақстан Республикасының Тіл туралы" заңының талаптарын орындай отырып, қазақ және орыс тілдерінде беруге тиіс" – дегенді алға тартады заңгер Жанна Биятан.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 203-бабында, осы Кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке кәсіпкердің немес сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – делінген.
Тұтынушылар өнімнің сәйкестігі туралы декларацияның бар-жоғын өз бетінше мына сілтеме арқылы қарай алады.
Өнімді зерттеу нәтижелері мен материалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.
Контрафактімен, бұрмалаушылықпен және контрабандалық тауармен күресуге әрбір азамат қатыса алады.
Заңнама мен техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін тауарлар туралы және тауарларды дайындаушылар мен сатушыларға қатысты қабылданған шаралар жайындағы жарияланымдарымызды оқып, танысып жүріңіз. ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 41-бабы 8 және 14-тармақтарын басшылыққа ала отырып, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" Қызылорда қаласында сатылатын азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдерді зерттеуге жіберді.
Тұтынушыларға ескерту
"Тауарды сатып алу кезінде оның өндірілген күні мен сақтау мерзіміне баса назар аударған жөн. Сондай-ақ, өнім сапасының төмендігіне қатысты қандай да бір күдікті байқасаңыз: қорабы бүлінсе, жарамдылық мерзімін анықтау қиындық тудырса немесе қаптамадағы ақпаратты оқу мүмкін болмаса, бұл өнімнен бас тартқан жөн" – деп кеңес береді тұтынушылардың құқығын қорғаушы, сарапшы Жанна Биятан.
Тұтынушылар тауардың заңдылығын тексеріп, сатушыдан фискалдық чекпен қатар тауардың сәйкестік сертификатын/декларациясын да талап етуге құқығы бар.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.