Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының сарапшысы шұжықты қалай дұрыс таңдау керектігін айтты

Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының сарапшысы шұжықты қалай дұрыс таңдау керектігін  айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 17:15 Сурет: pxhere
Азық-түлік өнімдерін сатып алу – күнделікті қажеттілік болып табылады, тіпті үнемі алып жүрген өнімнің өзі кейде жағымсыз тосынсыйын ұсынып жататыны бар. Тұтынушылар арасында дәмі мен әмбебаптығымен танымал Краковская шұжығы супермаркет сөрелерінен жиі көрінеді.

Дегенмен, оның сапасы кей кездері біз қалағандай болмай, стандарттарға сәйкес келмей жатады.

Шығыс Қазақстан облысында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өкілі Жанна Биятан Өскеменге барып, осы өнімге қатысты ұсынымдарымен тұтынушылармен бөлісті.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін тексеру үшін өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына кешенді зерттеуге жіберілді (12.07.2024 ж. № 30/14792 және 01.07.2024 ж. № 184/14755 зерттеу хаттамалары).

Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының сарапшысы шұжықты қалай дұрыс таңдау керектігін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 17:15

Сурет: Жанна Биятан

Органолептикалық зерттеулерде шұжықтың бетінде ақ жабын мен өнімнің жабысқақтығы анықталды. Микробиологиялық ластану анықталмағанымен, мұндай өзгерістер өнімнің дұрыс сақталмауы кезінде немесе өндірістік ақауларды көрсетуі мүмкін.

Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының сарапшысы шұжықты қалай дұрыс таңдау керектігін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 17:15

Сурет: Жанна Биятан

Тұтынушылар үшін ықтимал тәуекелдер

Өнім сапасының өзгеруі: ақ түсті жабын мен жабысқақтық өнімнің дәмі мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін қолайсыз жағдайларға ұшырағанының белгісі болып табылады.

Денсаулыққа қауіп төндіретін: ақ жабын көгерудің немесе басқа микроорганизмдердің өсуінің нәтижесі болуы сөзсіз, бұл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне кері әсер ететіні анық. Ал жабысқақтық – өнімнің қаптамада дұрыс сақталмағанының шарттарын көрсетуі мүмкін, бұл тағамнан улану немесе басқа да ас қорыту бұзылыстары қаупін арттырары хақ;

Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнім – бұл оны қолдану немесе тұтыну кезінде адам денсаулығына зиянды әсер ету қаупінің болуын көрсететін өнімнің жай-күйі.

Сапасы төмен, қауіпті шұжықты сатып алмау үшін тұтынушылар назар аударатын маңызды аспектілер.

"Егер сіз өнімнен әдеттен тыс жабын, жабысқақтық немесе басқа да өзгерістерді байқасаңыз, бұл сапа мәселелерін көрсетуі мүмкін. Тұтынушылар әрқашан өнімді сатып алмас бұрын мұқият тексеруі керек. Егер күмәніңіз болса, сатып алудан бас тартып, сатушыға немесе тиісті органдарға өзіңізді алаңдатқан мәселені айтқан жөн". Адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Биятан

Ол сондай-ақ, сіздің денсаулығыңыз – сіз таңдаған тағамның сапасына байланысты екендігін, сондықтан түсі, иісі немесе құрылымының өзгеруі сияқты кез келген сәйкессіздік белгілеріне сақ болудың маңыздылығын атап өтті.

"Егер сіз әдеттен тыс нәрсені байқасаңыз, маманның көмегіне жүгінуден тартынбаңыз".Адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Биятан

Өзіңізді қалай қорғауға болады

  1. Өнімнің сыртқы түрін бағалаңыз: Өнімдегі кез келген сыртқы өзгерістерге назар аударыңыз. Бұл белгілер сапа мәселелерін көрсетуі мүмкін.
  2. Өнімдерді сенімді орындардан сатып алыңыз: Өздерін сенімді түрде дәлелдеген дүкендер мен брендтерге ғана артықшылық беріңіз.
  3. Мәселелерді хабарлау: Өнімге күмәндансаңыз, тұтынушыларды қорғау ұйымдарына хабарласудан тартынбаңыз.

Өнімдерді таңдағанда абай болыңыз. Сыртқы түріндегі өзгерістер сіздің денсаулығыңызға әсер ететін сапа мәселелерінің алғашқы белгісі болуы мүмкін. Өнімдерді сатып алу кезінде мұқияттылық және қырағылық таныту – жағымсыз жағдайдың алдын алып, денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.

"Дұрыс таңбалау азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратынын есте ұстаған жөн. Жауапты өндірушілер мен сатушылар өз өнімдері туралы ақпараттың толық және түсінікті болуы, ал тұтынушылардың қырағылық танытып, өз құқықтарын қорғауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек", – деп толықтырды сөзінің соңында адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады. Жарияланған ақпарат тұтынушылардың хабардарлығын арттыруға және олардың құқықтарын қорғауға көмектесуге бағытталған.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: