Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордалық кәсіпкерлер таңбаланбаған өнімдерді сатып жатқан жерінен ұсталды

Қызылордалық кәсіпкерлер таңбаланбаған өнімдерді сатып жатқан жерінен ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 18:07 Сурет: pxhere
"Супермаркеттер мен гипермаркеттерде, "үйдің жанындағы"шағын және үлкен дүкендердің сөрелерінде жарамдылық мерзімі өткен, сапасыздық белгілері бар және сипаттамасы анық көрсетілмеген өнімдерді жиі кездестіруге болады" дейді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының сарапшысы Жанна Биятан.

Осыған байланысты тауарлардың сапасы мен тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сатылып жатқан өнімдердің (тауарлардың) сатушылары (дайындаушылары өндірушілері) туралы, тауарлар жайында толық ақпарат беру үшін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық қорының өкілі Қызылорда қаласындағы дүкендердің бірінен жасырын сатып алушы тәсілімен Ресейден келген "Папа может" атты балқытылған паста тәрізді кілегейлі ірімшікті сатып алды.

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 18:07

Сурет: Жанна Биятан

Кеден одағының техникалық регламенттерінің сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу мақсатында сатып алынған өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының зертханасына  тапсырылды.

Жүргізілген зерттеулер Жоғары технологиялық зерттеулер зертханасының 2024 жылғы 28 маусымдағы  №7/1240001022862651 және 2024 жылғы 28 маусымдағы № 787/1240001022862651 тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамаларымен рәсімделді. 

Қызылордалық кәсіпкерлер таңбаланбаған өнімдерді сатып жатқан жерінен ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 18:07

Сурет: Жанна Биятан

Зерттеу нәтижесінде Қызылорда қаласының кейбір кәсіпкерлері тұтынушылар сатып алатын тауардың таңбаламасында жазылған мәліметтерге мән бермейтінін пайдаланып, техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін тауарларды сату арқылы олардың құқықтарының бұзылуына жол беретіндігі байқалды.

Мысалы, аталған ірімшікке кешенді зерттеу жүргізу нәтижесінде төмендегідей сәйкессіздіктер көрсетілген:

  1. Өнімнің өндірілген мерзімі көрсетілмеген;
  2. Өнімдегі таңбалама мемлекеттік тілде жазылмаған. 

Қоғамдық бірлестік тарапынан бұл жайында құзіретті органдарға хат жолданып, қажетті шараларды қолдану ұсынылды.

Өндірілген мерзімі туралы ақпараттың көрсетілмеуі тұтынушының денсаулығына, кейде тіпті өміріне қауіп төндіруі ықтимал, сондықтан, кәсіпкер мерзімі көрсетілмеген өнімді тұтынушыға ұсынғаны үшін төмендегідей айыппұлдарды арқалауы мүмкін.

ҚР әкімшілікқұқықбұзушылық кодексінің баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді бұзушылық, адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық болса, жеке тұлғаларға – 30 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

2024 жылғы айлық есептiк көрсеткiш 3 692 теңгені құрайды.

Сондықтан тауарды тұтынушыға ұсынардан бұрын оның сыртқы қаптамалары мен жапсырмаларында, заттаңбасында қазақ және орыс тілдерінде ақпарат бар екеніне көз жеткізген соң ғана сату сөрелеріне жеткізген жөн.

Ал тұтынушы өнім қаптамасындағы мынадай мәліметтерге: тамақ өнімінің атауы, құрамы, дайындау күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, құндылық көрсеткіштеріне көңіл бөлуі назар аударуы тиіс.

Ақпаратта тамақ өнімдерін дайындаушының өндірушінің атауы мен орналасқан жері көрсетілген бе, әлде жасырын цехта жасалған ба – оған да мән беру керек.

Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі (ЕАС) бар екендігіне көз жеткізгел абзал, себебі бұл таңба өнімнің жасанды еместігін, сапа мен қауіпсіздік туралы заңнама талаптарына, регламенттердің талаптарына сәйкестігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының41-бабы 8 және 14-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Маңғыстау облыстық  тұтынушылардың құқықтарын  қорғау қоғамы  Қызылорда қаласында сатылатын азық-түліктік және азық түліктік емес өнімдердің  20-дан астам түрін зерттеуге алды.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: