Жаңалықтар тізбегі
0

Өнімді таңбалауды бұзу: бұл сіздің денсаулығыңыз бен құқығыңызға қалай әсер етеді

Өнімді таңбалауды бұзу: бұл сіздің денсаулығыңыз бен құқығыңызға қалай әсер етеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 21:00 Сурет: pixabay
Өнімнің қаптамасындағы ақпараттың ашықтығы мен дәлдігінің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Өкінішке орай, соңғы кездердегі халық тұтынатын өнімдерге зерттеулерде анықталып жатқан таңбалау талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар әрбір тұтынушыға әсер етуі мүмкін мәселелерді көрсетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өкілі Петропавл қаласына барды.

Дұрыс ақпараттың жоқтығының қауіптілігі

Осы жылдың шілде айында "МОТҚҚҚ" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып, облыстағы дүкендердің бірінен салмағы 2,5 келі болатын ресейлік өндірістің "Вафельная креманка цветочек КАС" ұннан жасалған кондитерлік өнімін сатып алған. 

Өнімді таңбалауды бұзу: бұл сіздің денсаулығыңыз бен құқығыңызға қалай әсер етеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 21:00

Сурет: Жанна Биятан

Бұл өнім "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының аккредиттелген сынақ орталығына ұсынылып, онда өнімнің қауіпсіздігіне қатысты кешенді зерттеу жүргізіліп, нәтижелері бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздіктер анықталды (2024 жылдың 10 шілдесіндегі № 297 сынақ хаттамасы). Кондитерлік өнімдерді таңбалауда келесідегідей сәйкессіздіктер анықталды:

  1.  Өндірілген күнінің болмауы: Сақтау мерзімі 20 күн болатын өнімнің анықталмаған өндіру күні өнімнің балғындығы мен ықтимал қауіпсіздігін бағалау мүмкіндігінен айырады. Дайындалған (өндірістегі) күні – өнімді дайындаудың (өндірістегі) технологиялық процесінің аяқталғаны туралы хабарлайтын өндірушінің мөрі басылған күн. Бұл ақпарат сатып алушыға өнімнің қашан өндірілгенін және өнімнің дүкен сөрелерінде қанша уақыт тұрғанын түсінуге көмектеседі.
  2. Қолдану бойынша ұсыныстардың немесе шектеулердің болмауы: бұл ақпараттың болмауынан – денсаулығына қатысты жеке ерекшеліктері бар тұтынушылардың өміріне қауіп келуі мүмкін.
  3. Таңбалауда тек орыс тілі қолданылған: қаптамадағы ақпарат бір тілде ғана көрсетілген, ал ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы сатушыны (дайындаушыны) тауар туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға міндеттейді. Ресми түрде орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылатын Қазақстанда тұтынушылар қажетті ақпаратты екі тілде алуға заңды құқығы бар.

 Заңға сәйкес бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат ұсынылмаған болып саналады.

Өнімді таңбалауды бұзу: бұл сіздің денсаулығыңыз бен құқығыңызға қалай әсер етеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 21:00

Сурет: Жанна Биятан

Техникалық регламенттерді бұзу және оған қатысты жауапкершілік

Тауарлардың Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеушілік фактілері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын елеулі бұзушылық болып табылады. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексіне сәйкес, техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді айналымға шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұзушылық адам денсаулығына зиян келтiрмеген жағдайларда, мұндай құқыққа қарсы әрекеттi жасаушылық – өнiмдері тәркiленiп немесе тәркiленбей, қызметтi тоқтата отырып немесе тоқтатусыз, айыппұл салуға әкеп соғады.

Сарапшылар пікірі

"Өндірілген күні және пайдалану бойынша ұсыныстар (шектеулер) сияқты негізгі ақпараттың болмауы өнімнің қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Өз денсаулығын сақтау үшін тұтынушылар өнім туралы толық, сенімді және уақтылы берілетін ақпаратты алуға құқылы". "МОТҚҚҚ" ҚБ адам құқықтары жөніндегі сарапшысы Жанна Биятан

Ал Жанна Биятанның әріптесі, заңгер Әлия Әлибекова "Таңбалау талаптарын сақтамау тұтынушылардың құқығын бұзып қана қоймай, кәсіпкерлер мен өндірушілер үшін де құқықтық зардаптарға әкелуі мүмкін. Анықталған заңбұзушылықтар заңнаманың сақталуын қатаң бақылау қажеттігін көрсетеді" дейді.

Қорыта келе, сарапшылар "өз қауіпсіздігіңізге деген қамқорлық – өнімдерді саналы таңдаудан басталады. Қаптамадағы мөлдір және дұрыс ақпарат проблемалардың алдын алуға көмектеседі және тұтынушылардың құқықтарын ғана емес, сонымен бірге денсаулығын да қорғайды. Жапсырмаларды мұқият тексеріңіз және құқықтарыңыз бұзылған жағдайда көмек сұраудан тартынбаңыз. Есіңізде болсын, сіздің денсаулығыңыз бен құқығыңыз – өз қолыңызда" дейді.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: