Семейде міндетті таңбалауы жоқ кәмпиттер сатылады
Сатып алынған өнім кешенді зерттеу жүргізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасының жоғары технологиялық ғылыми-зерттеу зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесіне тапсырылды.
Сурет: Жанна Биятан
Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Қаптама қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестікке зерттеулер жүргізу кезінде келесі сәйкессіздіктер анықталды:
- Азық-түлік өнімі партиясының нөмірі көрсетілмеген;
- Азық-түлік өнімін сақтау шарттары көрсетілмеген;
- Тамақ өнімдерінің атауы мен құрамы, саны, өндірушінің атауы және орналасқан жері, тағамдық құндылық көрсеткіші, КО мүше мемлекеттерінің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі қазақ және орыс тілдерінде көрсетілмеген.
- Қаптама жасалған материалдың цифрлық коды және (немесе) әріптік белгісі (аббревиатурасы) көрсетілмеген;
- Қаптаманың тамақ өнімдерімен жанасуға арналғанын көрсететін белгі жоқ.
ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағының негізінде бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі .
Сурет: Жанна Биятан
Азық-түлік өнімдерін таңбалау тұтынушылардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Таңбалама айқын жазылған, оқуға оңай, түсінікті, тұтынушыларды жаңылтпайтындай болып, міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуі тиіс. Өнімнің жапсырмасында немесе қаптамасында қандай ақпарат болуы керектігін білсеңіз, өзіңізді сапасыз және қауіпті тағам өнімдерін сатып алудан қорғай аласыз.
Шет тілінде немесе мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасыз жасалған таңбалама тұтынушыларды жаңылыстыруы және олардың денсаулығы үшін жағымсыз салдарлар туындатуы мүмкін.
Ережені бұзған үшін бизнеске қандай айыппұлдар салынады?
Мұндай заң және ереже бұзушылықтар өнім сапасына оның өндірісі мен айналымының барлық кезеңдерінде бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді. Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру нәтижелеріне сүйенсек, ең көп тараған заңбұзушылық тауар туралы мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығы болып табылатынын көреміз. таңбалаудың басқа да көптеген талаптарыныі бұзылуы тұтынушыларды өнімдер туралы дұрыс ақпараттандыруға елеулі кедергі болып табылады.
Кәсіпкерлер үшін өнімді мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалауға қатысты заң талаптарын елемеу келесі құқықтық салдарларды туындатуы мүмкін:
ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің (ӘҚБК) 415-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу, оның ішінде техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару 90 АЕК (332 280 теңге) – 600 АЕК (2 215 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуына апарып соғады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-бабы 2-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағында көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) қызметін тоқтата тұрумен немесе онсыз, өнімдерді тәркілеумен немесе онсыз 135 АЕК (498 420 теңге) – 1200 АЕК-ке (4 430 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуына апарып соғады.
Зерттеу материалдары және олардың нәтижелері Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.
Тұтынушылар өнім сапасы немесе сатушының әділетсіз әрекеті туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне +7 (7172) 75-06-42, +7 (7172) 75-16-32, +7 (7172) 74-98-32, +7 (7172) 74-98-36 сенім телефондары арқылы шағымдана алады. Сондай-ақ, e-Өтініш жүйесі арқылы да арыз жіберуге болады.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.