Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавл дүкендерінде таңбасы күмәнді қаймақ өнімі сатылған

Қаймақ өнімі, Петропавл, дүкен, техникалық регламент, таңбасы күмәнді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 19:01 Сурет: pexels
Петропавл қаласы "Техникалық регламент талаптарын орындамау" жағынан сарапшылар назарын аударған басты нысанға айналды. Дүкен сөрелерінен массалық үлесі 10 % болатын "Деревенские мотивы" брендінің "сүт майын алмастырғышы бар қаймақ өнімі" табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылардың айтуынша, бұл өнім таңбалаудың негізгі талаптарын өрескел бұзып, өз кезегінде тұтынушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Тұтынушылардың Петропавл қаласында өндірілетін тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасы, сатушылар (өндірушілер) туралы  ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы"  ("МОТҚҚҚ"  ҚБ) қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісімен әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында  Биятан Жаннамен бірге дүкендердің бірінен құпия атауы бар өнімді сатып алып, Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы"  ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығының аккредиттелген зертханасына тамақ өнімдері қауіпсіздігінің барлық талапбы бойынша кешенді зерттеу жүргізу үшін тапсырды.

Деревенские мотивы, қаймақ өнімі, Петропавл, күмәнді тауар, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 19:01

Сурет: Жанна Биятан

Таңбалама мәселелері: қауіп неде?

Зертханалық зерттеу өнімнің таңбаламасындағы қателіктерді анықтады:

Тамақ өнімінің таңбаламасында көрсетілген атауы – өнімді жеткілікті түрде сипаттамайды және оны басқа тамақ өнімдерінен ажыратуға мүмкіндік бермейді – қаптамадағы атау бұл өнімді қаймақ қосылған өнімдердің басқа түрлерінен ажыратуға мүмкіндік бермейді.      

Бұл жағдай өнімді идентификациялауды қиындатады, ол өз кезегінде, сатып алу кезіндегі туындайтын қателіктер мен шатасуларға әкеліп соғуы мүмкін. Өнім атауындағы ақпараттың жеткіліксіздігі – тұтынушылардың қажеттілігі мен үмітін орындай алмай, ықтимал тәуекелдерді тудырады.

Деревенские мотивы, қаймақ өнімі, Петропавл, күмәнді тауар, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 19:01

Сурет: Жанна Биятан

Заңнама және жауапкершілік: нені білу керек?

Өндірушілер өз өнімдері туралы толық әрі нақты ақпарат ұсынуы тиіс,  оның ішінде, өнімнің дұрыс атауы болуы қажет.

Кеден одағының "Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенті  тұтынушылардың  тамақ өнімі туралы дұрыс ақпаратқа қолжеткізуін, өз  құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, жаңылыстыратын іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында тамақ өнімі таңбаламасына қойылатын талаптарды белгілейді. КО ТР 022/2011 сәйкес, таңбаламада көрсетілген тамақ өнімдерінің атауы өнімді тамақ өнімдеріне жатқызуға, оны нақты  сипаттауға және  басқа тамақ өнімдерінен ажыратуға мүмкіндік беруі керек.

ҚР "Өнімнің таңбаламасына қойылатын талаптар" техникалық регламентінің негізінде,  әзірлеуші  (немесе) әзірлеуші уәкілеттік берген тұлға немесе импорттаушы, өнімді айналымға шығару кезінде тұтынушыларды өнімнің құрамына, қасиеттеріне, мақсатына қатысты жаңылыстыруға жол бермейтін, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын, оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа да толық, қажетті, біржақты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Бұл талаптардың бұзылуы келесідегідей салдарға әкелуі мүмкін:

Техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға шығару түрінде жасалған бұзушылық Техникалық реттеу саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар және басқа да әкімшілік жазалау шаралары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көзделген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін  "МОТҚҚҚ" ҚБ  зерттеу нәтижелері мен материалдарды  құзыретті органдарға жіберді.

Сарапшылардың пікірі: құқыққорғаушылар не дейді?

"Қаптамадағы өнім атауының дұрыс жазылмауы – бұл үлкен қателік, өйткені ол өнімді идентификациялауды қиындатып, тұтынушыларды шатастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Қаптамадағы ақпараттың нақты әрі толық болуы маңызды, бұл тұтынушылар үшін шатасулар мен ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді". Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан
"Қаптаманың дұрыс емес атауы – өнімге деген сенімділікті және тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Өндірушілер мен сатушылар ақпараттың дәлдігі мен өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық ережелердің барлық талаптарын сақтауы керек. Тұтынушылар үнемі өнімге қатысты ақпараттарды тексеріп, сәйкессіздіктерді байқаған жағдайда тиісті орындарға хабарлау маңызды". Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Әлия Әлібекова

Тұтынушыларға арналған ұсыныстар!

Сарапшылар өз мүдделерін қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мыналарды ұсынады:

  1. Қаптамадағы тауардың дұрыс атауын тексеріңіз.
  2. Егер қаптамадағы ақпарат күмән тудырса, кез келген бұзушылықтар туралы бақылаушы органдарға хабарлаңыз.
  3. Өнімдерді таңдағанда абай болыңыз, әсіресе таңбаламада өнім туралы толық ақпарат көрсетілмеген жағдайда.


Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739 немесе OZPP.KZ-ның Instagram-дағы парақшасына хабарласуға болады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: