Антикор тексерісінен кейін: Ұлытау облысында тас жолдағы ақауды мердігер компания жөндеп жатыр
Сурет: pixabay
2024 жылдың шілде айында "Жезқазған-Петропавл" А-16 тас жол учаскесінің бірінен асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатының тегіс еместігі анықталды. Бұл олқылықты енді мердігер компания жоюға мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, аталған ақауды арнайы құрылған мониторингтік топ 9 учаскедегі автожолдарды салу және реконструкциялау сапасын бақылауды жүзеге асыру барысында анықтаған.
"Анықталған ақаулар жол қауіпсіздігінің нашарлауына, көлік құралдарының тозуының жоғарылауына және жол инфрақұрылымының жалпы жағдайына теріс әсер етуі мүмкін. Жол учаскесін мердігерлік ұйымы түзететін болады", делінген Антикор хабарламасында.
Сондай-ақ 2024 жылдың маусым айында "Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан, Домбауыл кесенесі", "Қаражал-Атасу" және А-16 "Жезқазған - Петропавл" (143-163 км) жол учаскелерінде мониторингтік топ жарықтар, шөгінділер, шұңқырлар, қабыршақтану және тағы басқа ақауларды анықтағаны да нақтыланады. Жол жамылғысының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар шеңберінде аталған кемшіліктер жойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript