Жаңалықтар тізбегі
0

Партиялар және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті

Халықтық штаб отырысы, АЭС, Мәжіліс, Ерлан Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 18:46 Сурет: amanatpartiasy.kz
Мәжіліс спикері, "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Оның құрамына алты саяси партияның, сондай-ақ шамамен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Штабтың алғашқы отырысында мәлімдеді. Штабтың мақсаты – халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру. 

"АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді", – деді ол. 

Халықтық штаб отырысы, АЭС, Мәжіліс, Ерлан Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 18:46

Сурет: amanatpartiasy.kz

Мәжіліс спикері бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінде алғашқы орынға шыққанын атап өтті. Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту. Оған қоса, партиялар мен ҮЕҰ-лардың бірлесіп жұмыс істеуде табысты тәжірибесі де бар.

Халықтық штаб отырысы, АЭС, Мәжіліс, Ерлан Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 18:46

Сурет: amanatpartiasy.kz

"Біздің әрқайсымыз балаларымыздың қуатты және ешкімге мұқтаж болмайтындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады", – деді ол.

Отырыс барысында АЭС құрылысына қолдау білдіріп, Халықтық штабтың құрамында кіргендер қатарында Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов, Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, "Ардагерлер ұйымы" РҚБ төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, "Ауыл" партиясының төрағасы Серік Егізбаев, "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи, "Respublica" партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, "Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, "Жастар Рухы" жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова және басқалар болды.

Халықтық штаб отырысы, АЭС, Мәжіліс, Ерлан Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 18:46

Сурет: amanatpartiasy.kz

Сонымен қатар Халықтық штабтың құрамына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, "Ардагерлер ұйымы" РҚБ, Ұлттық спорт қауымдастығы, "Ассамблея жастары" РҚБ, Қазақстанның Ядролық қоғамы, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы және басқа да ұйымдар кірді.

Халықтық штаб отырысы, АЭС, Мәжіліс, Ерлан Қошанов, партиялар, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 18:46

Сурет: amanatpartiasy.kz

Штаб құрамына саяси партиялардың орталық және аймақтық белсенділері, сондай-ақ республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, соның ішінде Парламент пен мәслихат депутаттары, интеллигенция өкілдері, танымал ғалымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, "Жастар Рухы" және басқа да жастар ұйымдарының белсенділері кірді. Алдағы уақытта штаб мүшелері өңірлердегі сайлаушылармен жұмысын бастайды, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді, шалғай елді мекендерге барады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: