Тұтынушылар құқығын қорғаушылар мультипісіргіштің стандарттарға сәйкестігін тексеріп көрді
Мультипісіргіштер сияқты электрлік тұрмыстық техникалар
қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Дегенмен,
олардың қауіпсіздігі мен белгіленген стандарттарға сәйкестігі тұтынушыларды
қорғаудың кілті болып табылады. "MОТҚҚҚ" ҚБ халық тұтынатын тауарлардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етіп, тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында үнемі тексеру
жүргізіп отырады.
2024 жылдың тамыз
айында "MOТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын әдісіпен Тараз қаласындағы
дүкендердің бірінен ORM-9008 үлгісіндегі ORVICA маркалы мультипісіргішін сатып
алды. Өнімнің қолданыстағы сапа стандарттарына және Қазақстан заңнамасына, "Төмен вольтты жабдықтыңқауіпсіздігі туралы" (ГОСТ МЭК
60335-2-15-2014), "Техникалық қорлардың электромагниттік үйлесімділігіне" (ГОСТ
CISPR 14-2-2016) сәйкестігін тексеру үшін "Ұлттық сараптау және сертификаттау
орталығы" АҚ Астана филиалының аккредиттелген сынақ орталығына тапсырылды. Бұл
сынақтар өнімдердің қауіпсіз және үйде пайдалануға жарамды екеніне көз жеткізу
үшін маңызды.
Сурет: Жанна Биятан
Анықталған сәйкессіздіктер
2024 жылдың 14 тамыздағы № 3144Е сынақ хаттамасына сәйкес, сараптама төмендегідей сәйкессіздіктерді анықтады:
Белгіде мынадай ақпараттар жоқ:
- өндірушінің атауы немесе сауда белгісі;
- шыққан елі көрсетілмеген.
Техникалық құрылғының пайдалану құжаттарында мыналар көрсетілмеген:
- мақсаты;
- сипаттамалары мен өлшемдері;
- қауіпсіз пайдалану ережелері мен шарттары;
- орнату, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату шаралары мен шарттары;
- ақау анықталған кезде қолданылатын шаралар;
- өндірушінің, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, олармен байланысу үшін ақпарат;
- шығарылған айы мен жылы туралы мәліметтер жоқ.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану құжаттамасы көрсетілмеген.
Сурет: Жанна Биятан
"Бұл сәйкессіздіктер тұтынушылар үшін үлкен қауіп тудыруы
мүмкін, өйткені олар қауіпсіздік пен өнімді дұрыс пайдаланудың маңызды
аспектілері", – дейді құқыққорғау сарапшысы Алия Алибекова.
"Мысалы, тауар белгісі болмаса, тұтынушы тауардың өндірушісін анықтай алмай, кімнен қолдау көріп немесе шағымын айтарын білмейді, яғни бұл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне кім жауапты екені белгісіз. Шығарылған елді білу – өнімнің қандай стандарттарға сәйкес жасалғанын бағалауға көмектеседі. Құрылғының техникалық сипаттамалары мен өлшемдері, қауіпсіз пайдалану ережелері мен шарттары туралы ақпараттың болмауы – егер құрылғы дұрыс пайдаланылмаса, бұзылу қаупін арттырып, пайдаланушының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, жарақаттауы да мүмкін", – деп жалғастырады ойын Алия Алибекова.
"Қолжетімді тілдердегі құжаттамасыз тұтынушы құрылғыны қалай дұрыс және қауіпсіз пайдалану керектігін түсінбеуі мүмкін. Бұл дұрыс пайдаланбау мен жазатайым оқиғалар қаупін арттырумен қатар, қызмет көрсету және кепілдік жайындағы ақпаратқа қолжеткізуді де қиындатады".
Сарапшы Жанна Биятанның сатушыларға арналған ұсынымдары:
"Тұтынушылардың қауіпсіздігі мен қанағаттануын қамтамасыз ету үшін:
- Таңбалау туралы толық ақпаратты тексеріңіз: сатушылар қаптама мен құрылғыда барлық қажетті ақпараттың көрсетілгеніне көз жеткізуі керек.
- Сатып алушыларды сәйкестік сертификаттарымен қамтамасыз ету: бұл өнімнің қауіпсіздігін растап, тұтынушылардың сенімін арттырады".
Тұтынушыларға арналған жадынама
Өзіңізді
және отбасыңызды қорғау үшін:
- Таңбалауды тексеріңіз: Барлық қажетті деректер – шыққан елі, қуаты, қорғаныс класы, қызмет ету мерзімі – сіз түсінетін тілде көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.
- Түбіртектер мен қаптамаларды сақтаңыз: бұл құжаттар шағым түсіретін жағдайда қажет болады.
- Қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыз, пайдалану кезінде қандай да бір мәселелер туындаса, дереу сатушыға шағым жазыңыз.
Электр
құрылғыларын сатып алғанда абай болыңыз және өнім туралы толық ақпаратты
сұраңыз.
Пікірлерді қорытындылау барысында, сарапшылар тұрмыстық
техниканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өндірушілердің, сатушылар мен тұтынушылардың
ортақ міндеті деген пікірге келді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз әр
үйде технологияны пайдаланудың қауіпсіз жағдайын жасай аламыз.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық
бірлестігі дайындады.
Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау туралы" заңына сәйкес, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғаушы" қоғамдық
ұйым тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты
зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ жарнама болып табылмайтын және
тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін басқа да
ақпараттарды таратуға құқылы.
Осыған
ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөмірі немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасы арқылы хабарласуға болады.