Жаңалықтар тізбегі
0

Семей дүкендерінде мерзімі өткен ет өнімдері сатылады

Семей дүкендерінде мерзімі өткен ет өнімдері сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 16:51 Сурет: pxhere
"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшылары мерзімі өтіп кеткен өнімдердің дүкен сөрелерінде сатылып жататынына көпшіліктің назарын аударады. Абай облысындағы халық тұтынатын тауарларды тексеру арқылы олар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты маңызды ұсынымдармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер қауіпті болып саналады және оларды сатуға тыйым салынады. Мұндай өнімдер техникалық регламенттерде және гигиеналық стандарттарда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндіктен тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

2024 жылдың шілде айында "МОТҚҚҚ" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып, мына жеңіл тағамдарды Абай облысы, Семей қаласындағы дүкеннен сатып алды:

  1. салмағы 45 г. "Красный бык",
  2. бұқтырылған сиыр етінің дәмі бар, салмағы 90 грамдық жеңіл тағам;
  3. "Утреннее солнце" макорон өнімі-снек;
  4. Макорон өнімдері снек;
  5. Пияз сақиналары, 80 грамм.

Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ СЭБК) Шығыс Қазақстан облысы бойынша ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына қауіпсіздік талаптары мен Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына, атап айтқанда, Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты", "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді тексеру жүргізу үшін тапсырылды (09.07.2024 жылғы № 225/15230 және № 226/15231 зерттеу хаттамалары).

Семей дүкендерінде мерзімі өткен ет өнімдері сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 16:51

Сурет: Жанна Биятан

Зертханалық зерттеулер төрт жеңіл тағамның сынамаларының барлығының да жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағам екенін анықтады.

Жеңіл тағам, снек, Семей, дүкен, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 16:51

Сурет: Жанна Биятан

Бірінші жағдайда өндіруші қаптамада көрсеткен өндірілген күні – 09.08.2023 ж., жарамдылық мерзімі – алты ай; екінші жағдайда – дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі – 03.11.2023 ж., үшінші тіскебасарда – дайындалған күні 22.09.2023 ж., сақтау мерзімі 6 ай – 03.11.2023 ж., төртінші снек – 09.03.2024 ж. шығарылған, жарамдылық мерзімі – 19.03.2024 ж.

Пияз сақиналары, тұтынушы құқығы, Семей, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 16:51

Сурет: Жанна Биятан

Ал салмағы 80 грамм пияз сақиналары КО ТР 022/2011 4-бабының талаптарына орай, тамақ өнімдерінің таңбаламасына қатысты қазақ және орыс тілдеріндегі мәліметтері болмады, сондай-ақ КО ТР 005/2011 6-бабының талаптарына сәйкес қаптаманың таңбаламасына (сыртқы жабыны) толықтай сәйкес келмеді.

Бұл азық-түлік қауіпсіздігі заңнамасына сәйкес келмейді және тұтынушыларға үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Семей дүкендерінде мерзімі өткен ет өнімдері сатылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 16:51

Сурет: Жанна Биятан

Мұндай тағамдар "жеңіл" аталғанымен, әдетте, тұзды, қантты немесе майлы болып, жоғары нәрлі құндылығымен әркез ерекшелене бермейтін тіскебасарға жатады. Соған қарамай, мерзімі өтіп кеткен жеңіл тағамдарды жеу денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.

Снек, макорон өнімдері, Семей, дүкен, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 16:51

Сурет: Жанна Биятан

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамдарды тұтынудың денсаулыққа әсері қандай болуы мүмкін:

  • Тамақтан улану: Мұндай жеңіл тағамдар – басқа тағамдар сияқты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін ыдырай бастайды. Бұл тамақтан улануды тудыратын бактериялар мен саңырауқұлақтар сияқты патогендік микроорганизмдердің көбеюіне әкелуі сөзсіз. Жүрек айнуы, құсу, диарея және іштің ауыруы сияқты белгілері болуы мүмкін.
  • Улы заттардың пайда болуы: Азық-түлік ыдыраған кезде улы заттар түзілуі мүмкін. Мысалы, тіскебасардың майы мен басқа да майлар қосылып ашып, бұл акролеин немесе транс майлары сияқты зиянды қосылыстардың пайда болуына әкеледі.
  • Аллергиялық реакциялар: ыдырау процесі кезінде кейбір ингредиенттерге сезімтал адамдарда аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін химиялық өзгерістер орын алуы мүмкін.
  • Құнарлылығын жоғалту: Мерзімі өткен жеңіл тағамдар дәрумендер мен минералдар сияқты қоректік заттарын жоғалтып, олардың тағамдық құндылығын төмендетеді. Мұндай жеңіл тағамдар құнарлы заттардың негізгі көзі болмаса да, бұл құнарлы заттардың жоғалуы жалпы денсаулықты нашарлатады.
  • Дәмдік қасиетінің өзгеруі: Мұндай жеңіл тіскебасарлар дәмін, құрылымын және иісін өзгертетіндіктен оларды тұтыну жағымсыз әрі ыңғайсыз болуы мүмкін.

"MOТҚҚҚ" ҚБ құқыққорғаушы-сарапшысы Алия Алибекованың ұсынымдары:

  • Сатып алу алдында әрқашан шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сатып алмаңыз және тұтынбаңыз.
  • Қаптаманың бүтіндігіне және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
  • Мерзімі өтіп кеткен өнімді алған жағдайда кейін бақылаушы органдармен байланысу үшін түбіртектерді сақтап, фотосуретке түсіріңіз.
  • Егер мерзімі өтіп кеткен өнімдерді байқасаңыз, сатушыға немесе бақылаушы органдарға хабарласыңыз. Сауда нысанын жоспардан тыс тексеру үшін растайтын құжаттарды және фото/бейнематериалдарды ұсына отырып, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (СЭК) хабарласуға болады.

"Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы сатушыға тұтынушылардың тауарлар мен дүкендерді фото/бейне түсіру құқықтарын шектеуге тыйым салады. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді тұтыну егер денсаулыққа әсер еткен болса, өтінішке медициналық анықтаманы қоса беру керек", – деп толықтырады сөзін Алия Расбекқызы.

Кәсіпкерлер:

  • Үнемі тексеріп, мерзімі өткен тауарларды кәдеге жаратуға;
  • Қаптамадағы жарамдылық мерзімі туралы ақпараттың жаңартылғанына көз жеткізуге;
  • Қызметкерлерді тауарға дұрыс қарауға үйретуге;
  • Тұтынушылардың шағымдарына тез арада жауап беруге және бұзушылықтарды жоюға міндетті.

"MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау – халықтың денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін еске салады. Әрбір тұтынушы қауіпсіз және сапалы тауар алуға құқылы, ал сатушылар мерзімі өтіп кеткен өнімдердің нарыққа енуіне жол бермеу үшін барлық ережелер мен нормаларды сақтауға міндетті.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: