Сарапшылар Қазақстанда сатылатын импорттық халваны зерттеді
Сарапшы Ресейдің "Амавед" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығарған салмағы 240 г. болатын "Pismaniye", "Turkish floss halva" халваларын сатып алды.
Таңбаламадағы бұзушылықтар: сарапшылар не тапты?
Сатып алынған өнімдер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ СЭБК) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасының сынақ орталығына кешенді зерттеуге ұсынылды.
Сурет: Жанна Биятан
Кешенді сараптама Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін (КО "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" ТР 022/2011) төмендегідейбұзушылықтарды анықтады:
- Мемлекеттік тілдегі таңбаламаның болмауы –Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы 25-бабының 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген мәліметтер – ақпарат ұсынылмаған болып саналады.
- Бірыңғай ЕАО белгісінің жоқтығы – өнімнің Кеден одағының (ТР КО) техникалық регламенттеріталаптарына сәйкестігін растайтын белгі өнімнің қажетті сынақтардан өткендігінің және қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сәйкестігінің кепілі болып табылады.
Сондай-ақ, халваны сатып алу кезінде сатушы тұтынушының өтініші бойынша өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы декларацияны ұсынбаған. Бұл факті сатушының тауарды сату кезінде тұтынушының ақпарат алу құқығын бұзғанын көрсетеді.
Сурет: Жанна Биятан
Құқықтық ережелер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау
ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы тұтынушылардың қауіпсіз тауарды сатып алу, сондай-ақ тауар туралы, сатушыға (дайындаушыға) қатыстыақпаратты қазақ және орыс тілдерінде алу құқықтарын реттейді. Бұл ретте, "Қазақстан Республикасының Тiлдер туралы" заңнамасында шетелдiк өндiрiстiк тауарларға арналған арнайы мәлiметтері, таңбаламалары, нұсқаулықтары бар өнiмнiң жапсырмалары (заттаңбалары) мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аудармасымен қамтамасыз етiлуге тиiс деген талапты белгiлейдi.
Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес,міндетті растауға жататын тауарларды сәйкестік сертификаттары немесе сәйкестік туралы декларацияларынсыз сатуға тыйым салынады. Бұл құжаттардың болуы өнімнің сапа стандарттарына сәйкес дайындалғанын және тұтынушылар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз екенін растайды. Егер өнім сәйкестікті бағалаудан өткен болса, ол бірыңғай EAC өнім айналымы белгісімен белгіленеді.
Сараптама хаттамалары, бұзушылықтар туралы фото/бейнематериалдар, тауарларды сатып алу фактісін растайтын құжаттар және т.б. сияқты растайтын негіздер мен дәлелдер болған кезде жоспардан тыс тексеруді уәкілетті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тағайындайды.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі анықталған бұзушылықтарға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қолдануға қатысты тиісті органдарға үндеу жолдады.
Тұтынушылардың құқықтары: бұзылған жағдайда не істеу керек?
Сатып алынатын өнімнен сәйкессіздікті тапсаңыз, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы негізінде сіз өнімді айырбастауға немесе қайтаруға құқылысыз. Заң сатушыға тұтынушылардың тауарлар мен дүкендердің фотосурет-бейнежазбаларын бұзушылықтардың дәлелі ретінде пайдалану құқығын шектеуге тыйым салады.
"Егер сізде қолма-қол ақшаның түбіртегі болмаса фото және бейнематериалдар, сондай-ақ, куәлардың сөздері – сатып алудың жанама дәлелі бола алады. Тұтынушылар өз құқықтарын біліп, оларды үнемі қорғауы керек".Жанна Биятан, адам құқықтары жөніндегі сарапшы:
Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова петропавлдық дүкен сөресінен алынған халваның таңбаламасындағы заңбұзушылықтарға қатысты жағдайға тоқталды.
"Техникалық регламенттер талаптарын сақтау – ең алдымен, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне қамқорлықты білдіреді. Бұл ережелер тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау үшін бірыңғай стандарттар мен талаптарды белгілейді. Тұтынушы ретінде мен баршағаөнімді сатып алу кезінде ерекше мұқият болуды, таңбаламаға және барлық қажетті құжаттардың (сертификат, декларация) болуына назар аударуды ұсынар едім. Қаптамада жоқ немесе дұрыс емес ақпарат сияқты кез келген бұзушылықтарды тапсаңыз, бұл жайында тиісті органдарға хабарлап, өнімді қайтаруды немесе айырбастауды сұрау маңызды. Біздің бәріміздің қауіпсіз және сапалы өнімді тұтынуға құқығымыз бар және бұл құқықты қорғау маңызды". Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова
Қоғамдық бірлестіктің тауар сапасын зерттеу нәтижелеріне қатысты таратқан ақпараты тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.
Өз құқықтарын қорғау үшін тұтынушылар өнімнің таңбаламасын мұқият тексеріп, кез келген бұзушылықтар жайында реттеуші органдарға дереу хабарлауы керек. Барлық заң талаптарын сақтау ғана тұтынушылардың қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.