Сарапшылар дүкен сөрелерінде қазақтілді тұтынушыларға қолайсыздық тудыратын шетелдік өнімдер барын айтады
Бұл сатып алу тұтынушылардың құқықтарын қорғау және
олардың Қазақстан нарығындағы өнімдердің сапасына қатысты хабардарлығын арттыру
шаралары аясында құпия сауда әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылды.
"Кәмпиттер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Түркістан қалалық филиалының аккредиттелген зертханасына кешенді зерттеуге жіберіліп, онда өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді", - дейді тұтынушылар құқығын қорғаушылар.
Сурет: Жанна Биятан
Қауіпсіздігі – дұрыс, ал таңбаламасына не болған?
"2024 жылдың 24 маусымдағы № 2024/544/101 және 2024 жылғы 26 маусымдағы № 405 зерттеу хаттамалары микробиологиялық көрсеткіштер өнімнің қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті, бұл барлық тәтті тағамдар үшін жақсы жаңалық екені анық. Дегенмен, таңбалама талаптарына қатысты жүргізілген тестілеу нәтижелері бірнеше елеулі сәйкессіздіктерді анықтады", делінген зерттеу қорытындысында.
Біріншіден, қаптамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде таңбалама болған жоқ. Бұл сәйкессіздік қазақтілді тұтынушыларға қолайсыздық тудырып қана қоймай, оларды келеңсіз жағдайға да қалдырады. Егер біздің алдын ала келісілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында жүргізілген зертханалық сынақтар болмаса, жергілікті тұтынушы өнімнің тұтынуға қауіпсіз екенін білмес еді. Өйткені, таңбалама "үнсіз", өнімнің құрамы мен қасиеттеріне қатысты ештеңе "айтылмайды".
Бұдан бөлек, таңбаламада өнімнің тағамдық құндылығы туралы, мысалы, калория мөлшері мен майлардың, көмірсулардың және ақуыздардың құрамы сияқты ақпараттар көрсетілмеген. Бұл ақпараттар диетаны қатаң қадағалайтын тұтынушылар мен дұрыс тамақтануға ерекше көңіл бөлетін адамдар үшін өте маңызды. Мұндай ақпараттарды көрсетпеу түрлі түсінбеушіліктерге, тіпті, денсаулыққа кері әсерін тигізетін жағдайларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, қаптама жасалған материалдың сандық немесе әріптік белгісі болмаған. Бұл "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" стандартына сәйкес келмейді. Мұндай ақпаратсыз тұтынушы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етіп, зиянды заттарды шығаруы мүмкін қаптамаға тап болу қаупі бар. Осылайша, микробиологиялық сәйкестікке қарамастан, қаптаманың тиісті таңбаламасының жоқтығы тұтынушыларға ықтимал қауіпті тудырары сөзсіз.
"Қаптамадағы таңбалама – жай ғана формальдылық емес. Бұл тұтынушы үшін маңызды ақпарат көздерінің бірі. Ресми тілдегі ақпараттың болмауы – тағамдық құндылыққа қатысты ақпараттың болмауы сияқты тұтынушыларды адастырып, белгісіздік тудыратыны анық. Сатып алушылардың ықтимал шағымдары мен қадағалаушы органдардың айыппұлдарын болдырмау үшін кәсіпкерлер осындай жайттарға баса назар аударуы тиіс. Біз нарықтың барлық қатысушыларына өнімдер тұтынушылар үшін қауіпсіз әрі ақпараттандыратындай болуы үшін стандарттарға мұқият қарауға кеңес береміз" деп түсіндіреді "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Әлия Әлибекова зерттеу нәтижелері жайлы.
Сурет: Жанна Биятан
Болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін тұтынушы құқығын қорғаушылар төмендегідей ұсынымдарды ұсынады:
Кәсіпкерлер үшін:
- Өнімді айналымға жібермес бұрын таңбаламаны тексеріңіз.
Қаптамадағы ақпараттың заң талаптарына сәйкес келетініне және барлық
деректердің, оның ішінде мемлекеттік тілде жазылғанына көз жеткізіңіз.
- Тұтынушылар ашықтықты бағалайды. Өніміңізге деген
сенімді арттыру үшін сапа және сәйкестік сертификаттарын ұсыныңыз.
Тұтынушылар үшін:
• Жапсырмалар сіз түсінетін тілде екеніне көз жеткізіңіз.
Бұл өнімнің құрамы мен қасиеттерін түсінуге көмектеседі.
• Қаптамада тағамның құндылығы туралы ақпарат болмаса,
мұндай өнімді сатып алуға тұрарлық па, жоқ па, ойлаңыз?
• Қажет болса, шағым түсіру үшін түбіртектерді және қаптамаларды сақтап қойыңыз.
Бұл тәсіл тұтынушыларды да, кәсіпкерлерді де қажетсіз қауіптер мен ықтимал мәселелердің
алдын алуға көмектеседі. Өйткені, біздің басты міндетіміз – жай ғана сәйкессіздіктерді
анықтау емес, тұтынушыларға дүкен сөрелерінен сапалы әрі қауіпсіз өнімді алуына
көмектесу.
Материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Осыған ұқсас сұрақтар
бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.