Шай үстіндегі сырласу: тәтті үзілістің дәмін таңбалама қалай бұзуы мүмкін?
Сурет: pxhere
Шай ішуге қатысты өнімдерді қарағанда, біз тұтынушылар ретінде таңбаламадан гөрі қаптаманың сыртқы түріне мән береміз. Дәл осы жасырын "тіл" болып табылатын таңбалама – жарқыраған қаптаманың арғы жағында не жасырылғанын "айтып береді".
2024 жылдың шілде айында "MOТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып, Өскемен қаласындағы дүкендердің бірінен таңбаламаны тексеру және қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін бірнеше өнімді сатып алған. Бір қарағанда, сатып алынған заттар қарапайым болып көрінгенімен, олардың жан-жақты талдауы маңызды мәсеелерді анықтады.
Тұтыну себетінде:
1. "Cravingz Spongiez Golden" бисквиті, салмағы 200 г.
2. "Левушка детям" "Чудо звери" шоколадты кәмпиттер, салмағы 1 келі.
3. "Pocky chokolate" шоколадты таяқшалар, салмағы 47 г.
4. "Toza tea Tashkent" көк шайы, салмағы 400 г. болды.
Сурет: Жанна Биятан
Барлық өнімдер қауіпсіздік сынағынан сәтті өтті, бірақ Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" және "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігінен сынақтан өтпеді.
Сурет: Жанна Биятан
Тұтынушы қаптамадағы таңбалама нені білдіретіні туралы көп ойлай бермейді. Дегенмен, ол – тұтынушыға өнім туралы: оның құрамы, сақтау шарттары, жарамдылық мерзімі, шығу тегі, тіпті, қаптаманы жоюға қатысты ұсынымдар жайында "айтып беретін" негізгі рөлді орындайды. Сондықтан тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты техникалық регламент барлық азық-түлік тауарларының екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде анық және түсінікті ақпаратқа ие болуын белгілейді.
Негізгі ақпараттар:
• Өнімнің атауы мен оның мақсаты;
• Барлық ингредиенттерді көрсететін құрамы;
• Сақтау мерзімі және сақтау шарттары;
• Өндіруші туралы ақпарат: атауы, орналасқан жері;
• Өнімнің тағамдық құндылығы;
• Өнімнің көлемі (салмағы) және партияны сәйкестендіруге қатысты мәліметтерден тұрады.
Сурет: Жанна Биятан
Әрбір тұтынушы саналы таңдау жасап, сатып алған өнімдерінің қауіпсіздігіне сенімді болуы үшін бұл мәліметтер анық және бұрмаланбай берілуі керек.
Осыдан кейін біз дұрыс таңбаламада қандай ақпараттар болуы керектігін білеміз, енді шай ішуге арналған үлгілерден қандай сәйкессіздіктер табылғанын қарастырайық.
• "Cravingz Spongiez Golden" бисквиті. Таңбалама оңай оқылатын талаптарға сәйкес келмеді.
Құрамы, тағамдық құндылығы және сақтау шарттары қазақ және орыс тілдерінде, ал өндіруші туралы ақпарат орыс тілінде көрсетілмеген. Қаптама материалының сандық коды мен оны қайта өңдеу мүмкіндігі туралы ақпарат болған жоқ.
• "Левушка детям" шоколадты кәмпиттері. Негізгі затбелгісінде қазақша мәліметтер болмады. Кәмпиттерде тек өнімнің құрамы мен атауы, сонымен қатар өндірушінің атауы мен мекенжайы ғана көрсетілген, оның өзі таңбаламаға қойылатын талаптарға жауап бермейді.
• "Pocky chokolate" шоколадты таяқшалары. Таңбалама оңай оқылатын шарттарға сәйкес келмеді, ал қазақ тіліндегі мәтін ішінара: өнімнің атауы, сондай-ақ өндірушінің атауы мен мекенжайына қатысты ғана ұсынылған.
• "Toza tea Tashkent" көк шайы. Қазақ тіліндегі ақпаратта сақтау шарттары мен тағамдық құндылығы көрсетілмеген. Бисквит сияқты, қаптама материалы мен оны қайта өңдеуге болатындығы туралы ақпарат жазылмаған.
Сурет: Жанна Биятан
Мұндай таңбаламаның тигізетін қауібі қандай?
Бір қарағанда, таңбаламадағы болмашы кемшіліктер жай ғана бюрократиялық формальдылық сияқты көрінуі мүмкін. Егер тереңірек ойлайтын болсаңыз, оларды елемеу нақты қауіп төндіреді.
Мысалы:
• Құрамының көрсетілмеуі өнім аллергиясы бар адамдар үшін ғана емес, басқаларға да қауіпті саналады.
• Өндіруші туралы толық емес ақпарат тұтынушыны өнімнің шығу тегін тексеру және оның түпнұсқалығын бағалау мүмкіндігінен айырады.
• Жарамдылық мерзімінің болмауы – егер өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, тұтынушының денсаулығына қауіп төнеді.
• Пайдалану бойынша нұсқаулығы жоқ – қаптама қоршаған ортаға қауіпті болуы мүмкін.
Құқыққорғаушы Алия Алибекованың кеңесі:
- Жапсырмаларды мұқият зерттеңіз. Кейбір ақпараттың жоқтығын байқасаңыз, "бұл өнімді пайдалану қауіпсіз бе?" деген сұрақты өзіңізге қойып көріңіз.
- Өнімді сөреде қалдырыңыз. Өнім зиянсыз болып көрінсе де, денсаулығыңызды қатерге тікпеңіз. Маңызды ақпараттардың болмауы – ескерту белгісі болып табылады.
- Сәйкессіздіктер жайында хабарлау. Жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарына хабарласуға немесе мемлекеттік органдар арқылы шағым түсіруге болады.
- Кеңес алуды сұраңыз. Егер күмәндансаңыз, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығының кеңесіне жүгініңіз.
Қаптамадағы әрбір болмашы деталь – тұтынушылар үшін қамқорлық элементі болып табылады.
Отбасыңызбен бірге тәтті шай ішу – бұл уақытты керемет өткізу, бірақ оның тигізетін ешқандай жасырын қаупі болмауы керек.
Есіңізде болсын: сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы – әркез бірінші орында болуы тиіс!
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript