Жаңалықтар тізбегі
0

Тұтынушылардың құқығын қорғаушылар Семейде өнімдерді жасырын сатып алған

Бұл материалды тұтынушылардың құқықтарын қорғауға атсалысып, қоғамның хабардарлығы жолында белсенді жұмыс жасауын жалғастырып келе жатқан әлеуметтік жобаның орындаушысы – «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі дайындаған. , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 11:24 Сурет: Жанна Биятан
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің құқыққорғаушылары азық-түлік тауарларының таңбаламасына мұқият көңіл бөлудің маңыздылығына тағы да назар аударды
Өйткені бұл мәселе сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Өнімнің қаптамасында құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары мен тұтынушы денсаулығын қорғауға қатысты маңызды басқа да аспектілер туралы толық және сенімді ақпараттар болуы қажет. Бұл мәліметтердің маңыздылығы тұтынушыларға ықтимал қауіпті немесе сапасыз өнімдерді болдырмай, өз өнімін таңдауға мүмкіндік береді.
Тағамдардың таңбаламасы: тұтынушылар үшін дұрыс ақпарат қаншалықты маңызды?
2024 жылдың шілде айында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі "құпия сатып алушы" әдісін қолдана отырып, Семей қаласындағы дүкендердің бірінен бірнеше азық-түлік өнімдерін сатып алған. Бұл тізімге қазақстандық отбасылардың күнделікті рационының ажырамас бөлігі болып табылатын өнімдер кіреді. Олардың қатарында күнделікті тұтынылатын қант пен сүт те бар. Сатып алудың мақсаты – олардың таңбаламасының дұрыстығын және Қазақстан Республикасының заңнамасына және Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін тексеру болды.
Кешенді тексеру жүргізу үшін:
1. "РУСАГРО-ТАМБОВ" ЖШС (Ресей) салмағы 1000 г "Теплые традиции" ақ кесек қанты;
2. "РАФИНАДЫЧ" сығымдалған, тез еритін қанты, 252 текше, салмағы 1000 г, "ПродснабАлтай" ЖШС (Ресей);
3. "Молочный мир" ААҚ (Беларусь Республикасы) стерильденген ішуге арналған сусыны, 10%, көлемі 500 г;
4. ТЗ.Ламбер, оралған ірімшігі "Тильзитер", салмағы 150 г, "ПиР-ПАК" ЖШС (Беларусь Республикасы) өнімдері таңдалды.
Бұл материалды тұтынушылардың құқықтарын қорғауға атсалысып, қоғамның хабардарлығы жолында белсенді жұмыс жасауын жалғастырып келе жатқан әлеуметтік жобаның орындаушысы – , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 11:24

Сурет: Жанна Биятан

Кесек қант (шақпақ қанты) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілмегеніне және мемлекеттік баға реттеуіне жатпайтынына қарамастан, ол әлі күнге дейін күнделікті өмірде қолданылады және қазақстандықтардың дастарханында маңызды рөл атқарады, сондықтан да оның таңбаламасы тұтынушылардың құқықтарын қорғауда маңызды. Бұл, сонымен қатар, тұтынушылар не сатып алып жатқанын біліп, жетіспейтін немесе дұрыс емес ақпаратқа байланысты қауіптерді болдырмау үшін барлық өнім санаттарында дұрыс таңбаламаны қамтамасыз ету қажеттілігін күшейтеді.
Бұл материалды тұтынушылардың құқықтарын қорғауға атсалысып, қоғамның хабардарлығы жолында белсенді жұмыс жасауын жалғастырып келе жатқан әлеуметтік жобаның орындаушысы – , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 11:24

Сурет: Жанна Биятан

Осылайша, ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес өнімдер сараптамаға "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ "СЕМЕЙ" филиалының аккредиттелген зертханасына жіберілді. Сарапшылар өнімдердің қауіпсіздік талаптары мен Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін тексерді.
Бұл материалды тұтынушылардың құқықтарын қорғауға атсалысып, қоғамның хабардарлығы жолында белсенді жұмыс жасауын жалғастырып келе жатқан әлеуметтік жобаның орындаушысы – , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 11:24

Сурет: Жанна Биятан

Тексеру барысында анықталғаны:
1. "Теплые традиции" қанты: өнімнің Кедендік одақ шеңберіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін көрсететін ЕАС белгісі жоқ.
2. "РАФИНАДЫЧ" қанты: тамақ өнімдерінің құрамы мен мемлекеттік тілдегі ақпараты жоқ. Бұл қазақтілді тұтынушыларға қосымша қиындықтар туғызып, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының талаптарын бұзады.
3. Кілегей: қаптамадағы ақпарат тек орыс тілінде берілген, бұл да таңбалама талаптарын бұзу болып табылады. Мұндай өнімді тұтыну, егер олар ингредиенттерді өздері түсінетін тілде оқи алмаса, ағзаның қабылдамаушылығын тудырып, аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті саналады.
4. Ірімшік: барлық ақпараттар тек орыс тілінде берілген, өнім қай құжатқа сәйкес жасалғаны туралы ақпарат жоқ. Мұндай мәліметтердің болмауы өнім сапасын бақылауды қиындатады.
"Қант және сүт сияқты өнімдерді күнделікті миллиондаған адам тұтынады және сапалы таңбалама қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Негізгі ақпараттың болмауы тұтынушылардың наразылығын тудырып қана қоймай, олардың денсаулығына кері әсер етуі де мүмкін",- деп атап өтті Алия Алибекова "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы.
Бұл материалды тұтынушылардың құқықтарын қорғауға атсалысып, қоғамның хабардарлығы жолында белсенді жұмыс жасауын жалғастырып келе жатқан әлеуметтік жобаның орындаушысы – , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 11:24

Сурет: Жанна Биятан

"Азық-түлік өнімдерінің таңбаламасы – бұл жай ғана міндетті ақпарат емес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау құралы. Дұрыс таңбалама тұтынушыларға саналы шешім қабылдауға көмектесіп, соның нәтижесінде олардың денсаулығына төнетін қауіп те аз болады. Нашар немесе толық емес таңбалама зерттеуде ұсынылған өнімдер жағдайындағыдай, жеке немесе ұлттық тұтыну стандарттарына сәйкес келмейтін өнімді сатып алу ықтималдығын арттырады", – дейді Жанна Биятан.
"Өнімнің Кеден одағы техникалық регламенттеріне сәйкестігі мәселесі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Тіпті, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тізіміне енбеген өнімдер де стандарттарға сәйкес келуі керек. ЕАС белгісі – бұл жай ғана шарт емес. өндіруші өнімнің қажетті тексерулерден өткеніне және тұтынушылар қауіпсіз пайдалана алатынына кепілдік береді", – деп толықтырады сөзін Алия Расбекқызы.
Азық-түлікті дұрыс таңбалама жасау тұтынушылардың қауіпсіздігі мен ақпараттандырылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Өнімнің әлеуметтік маңызы бар-жоғына қарамастан, таңбалама талаптары тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін маңызды болып қала береді.
Өндірушілер үшін бұл стандарттарды сақтау міндеттеме ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың өз өнімдеріне деген сеніміне үлес қосу болып табылады.
Бұл материалды тұтынушылардың құқықтарын қорғауға атсалысып, қоғамның хабардарлығы жолында белсенді жұмыс жасауын жалғастырып келе жатқан әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: