Тұтынушы ақпараты және өнім қауіпсіздігі: қазақ тіліндегі таңбаламаның маңыздылығы
Дұрыс әрі толық таңбаламаның болмауы қауіпсіз сатып алуға елеулі кедергі келтіретіні анық.
Қазақстандық дүкендердің сөрелерінде сапалы да қауіпсіз өнімдерді ұсыну – тек өндірушілердің ғана емес, тұтынушылардың сеніміне ие болғысы келетін әрбір компанияның міндеті. Өнімді дұрыс таңбалама жасау тұтынушыға бағдарланған бизнесті жүргізудің маңызды бөлігі болып табылады, өйткені ол тұтынушылардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("MOТҚҚҚ" ҚБ) бірнеше жылдан бері қазақстандық нарықтағы тауарлардың сапасына ерекше көңіл бөліп келеді. Ұйым тауарлардың белгіленген стандарттар мен ережелерге сәйкестігіне назар аудара отырып, өнімді үнемі бақылайды.
2024 жылдың шілде айында қоғамдық бірлестік өкілі "жасырын сатып алушы" әдісін қолдана отырып, өнімнің таңбаламасын және Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін одан әрі талдау мақсатында Семей қаласындағы дүкендердің бірінен бірнеше азық-түлік өнімдерін сатып алған.
Сараптама үшін төмендегідей:
- Кішкентай жүрекшелі шоколад бұршақтары "Chocolate beans", салмағы 300 г.
- Ұсақ бұршақтар "MUHSIN", салмағы 50 г.
Сурет: Жанна Биятан
Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, барлық өнімдер таңбаламаның қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне кешенді тексеру жүргізу үшін "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына жіберілді.
Сурет: Жанна Биятан
Зерттеу мәліметтері бойынша, сараптама қорытындысы келтірілген өнімдердің барлығында қазақ тіліндегі міндетті ақпараттың жоқ екенін көрсетті, бұл "Қазақстан Республикасының Тілдері туралы" және ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңдарын бұзу болып табылады. Бұдан бөлек:
- "Chocolate beans" және "MUHSIN" өнімдерінің орыс тілінде ақпараты жоқ (бұл тұтынушыларды ақпарат алу құқығынан айырады), сақтау шарттары мен тағамдық құндылық көрсеткіштері көрсетілмеген (бұл өнімнің қауіпсіздігі үшін маңызды);
"MOТҚҚҚ" ҚБ құқыққорғаушы-сарапшысы Алия Алибекова: "Өнімдерді таңбалама жасау – тұтынушыларды ақпараттандырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Қазақ тіліндегі тиісті таңбаламасыз сатып алушылар өнімнің құрамымен, сақтау шарттарымен және тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да қажетті ақпаратпен толықтай таныса алмайды", – деп түсіндіреді.
Сарапшы сонымен қатар: "Тұтынушылардың барлық санаттарына қолжетімді және толық ақпарат беру – өндірушілердің міндеті. Таңбалама талаптарын сақтамау сатып алушылар тарапынан түсінбеушілік тудырып, өнімге деген сенімсіздікті қалыптастыратыны хақ. Өйткені, әрбір сатып алушы не сатып алып жатқанын және оның денсаулығына қалай әсер ететінін білуге құқылы", – дегенді қосты.
"Қаптамада мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат болмаса тұтынушылар қиын жағдайға тап болады, өйткені, олар өнім туралы маңызды ақпаратқа қол жеткізуден айырылады. Бұл оның құрамы мен сақтау шарттарына ғана емес, сонымен қатар өнімді пайдалану қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін басқа да маңызды деректерге қатысты. Таңбаламаға қатысты заңнаманы сақтау – тек заң алдындағы міндет емес, сонымен қатар тұтынушылардың ақылға қонымды шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты алу құқықтарын сақтау болып табылады", – деп атап өтті Жанна Биятан, "МОТҚҚҚ" ҚБ құқыққорғаушысы.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өндірушілер мен сатушыларды өнімнің таңбалануына ерекше мән беріп, заң талаптарын сақтауға шақырады, бұл сайып келгенде қызмет көрсету сапасы мен тұтынушылардың сенімін арттырады.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ.