Қазақстан баспагерлері Германия өткен кітап жәрмеңкесіне қатысты
Сурет: pixabay
Германияның Майндағы Франкфурт қаласында "Frankfurter Buchmesse-2024" кітап жәрмеңкесі өтуде. Шараға 95 елден мыңнан астам автор қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақстандық баспагерлер үшін арнайы стенд ұйымдастырылып, 250-ден астам кітап ұсынылды.
Халықаралық жәрмеңкеге қоғам қайраткерлері, отандық баспагерлер, аудармашыларды қоса алғанда 30-дан астам отандық өкіл, сондай-ақ ірі баспалар қатысуда.
"Қазақстанның Frankfurter Buchmesse-2024 кітап жәрмеңкесіне қатысуы – еліміз үшін маңызды тарихи оқиға. Бұл халықаралық платформа бізге мәдени мұрамызды таныстырып, қазақстандық авторлар мен баспагерлерді әлемдік деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Жәрмеңке аясында тек отандық басылымдарды таныстырып қана қоймай, болашақта стратегиялық байланыстар орнату үшін маңызды кездесулер мен келіссөздер өткізуді жоспарладық. Бұл бастама біздің кітап нарығының дамуына, оның жаңа деңгейге шығуына және авторлардың шығармаларын әлем бойынша таратуға бірегей мүмкіндік береді", — деді ҚР МАМ архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али.
Айта кетейік, Frankfurter Buchmesse жыл сайын өткізілетін дүниежүзілік ең ірі жәрмеңке саналады. Биыл жәрмеңке 16-20 қазан аралығында өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript