Маман Атыраудағы дүкеннен сатып алынған ірімшіктен қандай сәйкессіздіктер табылғанын айтты
Айта кетсек, Қазақстанда өнім сапасына қойылатын талаптар
тұтынушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз ететін Кеден
одағының мемлекеттік стандарттары мен техникалық регламенттерімен реттеледі.
Өнімді кешенді сынақтан өткізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысы бойынша "Ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханасына жіберілді. Сараптаманың негізгі мақсаты – өнімнің Кеден одағының (ЕАЭО) мемлекеттік стандарттары мен техникалық регламенттеріне сәйкестігін тексеру.
Зерттеу нәтижелері бойынша өнімдегі сүт майының май қышқылдық құрамы стандарттарға сәйкес келеді, ол 2024 жылдың 28 маусымындағы РО-24-23583 № 74 зерттеу хаттамасымен расталды. Бұл өнімнің тұтынуға қауіпсіз екенін білдіреді. Алайда, бір олқылық анықталды: өнімнің қаптамасындағы ақпараттар мемлекеттік тілде таңбаланбаған, бұл ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының талаптарын бұзады. Осы заңға сәйкес, тек бір тілде (немесе шет тілінде) берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп есептеледі.
Сурет: Жанна Биятан
Технология біздің өмірімізге дендеп
еніп жатқан
заманда өнімдер туралы сұрақтардың барлық жауабын ғаламтордан табуға болатын сияқты
көрінуі мүмкін. Дегенмен, жапсырманы тексеру, стандарттарға сәйкестік және
зертханалық сынақтар арқылы сапаны бақылау сияқты дәстүрлі әдістер әрқашан
маңызды
болып қала береді.
Тұтынушылардың денсаулығына үлкен қауіп төндіретін май-сүт өнімдері көп жағдайда фальсификация (жалған) болып жатады. ҚазақстанРеспубликасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, контрафактілік өнімдер азаматтардың денсаулығына ұзақмерзімді келеңсіз салдарға әкелуі мүмкін.
Азық-түлік қауіпсіздігіне қамқорлық – бұл халықтың денсаулығына салынған инвестиция. Қазақстандық кәсіпкерлер мен импорттаушылар заң талаптарының сақталуына назар аударуы керек. Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" заңында жапсырманыі мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару импорттаушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны анық көрсетілген. Бұл - тұтынушылардың құқықтарын қорғау және олардың адасуының алдын алатын шара.
Технологиялар қарқынды дамып келе жатқанда цифрлық
құралдар мен қосымшалар дәстүрлі әдістерге пайдалы толықтырулар бола алатынын, бірақ
оларды алмастыра алмайтынын есте ұстаған жөн. Таңбаламаларды тексеру, сапа стандарттары
мен зертханалық сынақтар – өнімнің қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің негізгі құралдары болып қала береді.
"Тұтынушылар өнімнің таңбаламасын тексеріп, оның құрамын зерттеуі керек. Ақпараттың қазақ және орыс тілдерінде берілгеніне, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Бұл сізге сапасыз өнімдерді сатып алудан аулақ болуға көмектеседі", – деп кеңес берді "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Әлия Әлибекова.
Кәсіпкерлерге арнаған сөзінде ол:
"Тұтынушыға қамқорлық мемлекеттік тілдегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты негізгі нормалар мен стандарттарды сақтаудан басталатынын есте ұстаған жөн. Қазақстандықтар саналы таңдау жасау үшін маңызды өнім ақпаратына қолжеткізуі керек және бұл таңдаулар толық және нақты ақпаратқа негізделуі керек", – деді.
Сарапшының кәсіпкерлерге беретін мынандай бірнеше кеңесі бар:
- Тауардың
құжаттарын мұқият тексеріңіз. Өнім айналымға шығар алдында барлық таңбалама,
сапа және қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету керек.
- Сенімді жеткізушілермен
ынтымақтасу. Сенімді серіктестер контрафактілік немесе сапасыз өнімнің
нарыққа шықпауының кепілі.
- Заманауи тексеру құралдарын пайдаланыңыз. Мысалы, онлайн бақылау жүйелері өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді.
Заманауи технология заманында тауарлар онлайн платформаларда сатылып жатқанда өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Өйткені, біз өнімнің сапасы туралы ғана емес, тұтынушылардың денсаулығын сақтау туралы да айтып отырмыз. Қатаң стандарттарды сақтау және олардың сақталуын бақылау бизнестің табысты дамуының және тұтынушылардың өнім сапасына сенімінің алғышарты болып табылады.
Осы материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ технология мен жаһандану дәуірінде дұрыс таңбалама сияқты негізгі стандарттарға сәйкестік Қазақстан нарығында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін негізгі фактор болып қала беретінін еске салады.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.